Басты бет / Хабарландыру / Erasmus+ KA171 академиялық ұтқырлық бағдарламасы Витаутас Магнус университеті (Каунас қ., Литва) /
Erasmus+ KA171 академиялық ұтқырлық бағдарламасы Витаутас Магнус университеті (Каунас қ., Литва)
Жарияланды:
1 Қазан 2025
оқу 1 мин
18
Құрметті студенттер!
Біздің университет Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясында 2025/2026 оқу жылының көктемгі семестрінде Витаутас Магнус университетінде (Литва) оқу үшін грант жеңіп алды.
Қатысу мүмкіндігі:
Бір студент 5 ай бойы оқу мүмкіндігіне ие болады.
Қаржылық шарттар:
Шәкіртақы: 800 евро/ай
Жол шығындарына грант: 580 евро
Арнайы қажеттіліктері бар студенттерге қосымша қолдау (“fewer opportunities”): +250 евро/ай
Қосымша грантқа кімдер үміткер бола алады?
Артықшылық келесі санаттағы студенттерге беріледі:
әлеуметтік жәрдемақы алатындар;
мүгедектігі барлар;
25 жасқа дейін қамқоршылықта болған немесе ата-анасыз қалғандар;
12 жасқа дейінгі балалары барлар;
ресми босқын мәртебесі барлар.
Маңызды мерзімдер мен құжаттар:
Студентті ұсыну мерзімі – 2025 жылдың 5 қазанына дейін.
Құжаттарды Интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық басқармасына тапсыру қажет.
Қажетті құжаттар:
паспорт көшірмесі;
ағылшын тілін B2 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгергенін растайтын сертификат (IELTS Academic, TOEFL iBT немесе Duolingo English Test).