2025 жылғы 20 желтоқсанда Машина жасау кафедрасының докторанты Калиев Бейбіт Қансбайұлы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 6D072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Ауыл шаруашылық машиналарының турбосығымдағыштардың сынау әдісі мен стендін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.
Ғылыми жетекшісі – PhD докторы, профессор ассистенты Бекмырза Жұмаш Айтжанұлы.
Машина жасау кафедрасының ұжымы Бейбіт Қансбайұлын осы маңызды ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтайды!