Рагатова Айнұр Жолтаевнаға 6D120100 – Ветеринариялық медицина білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесінің берілуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ғылыми кеңесшілері:
Коканов Сабит Қабдешұлы – ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК жасушалық биотехнология зертханасының аға ғылыми қызметкері.
Абдураимов Ерғали Орынбасарович – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ Бас директоры.
Кәсіби және ғылыми қызметіңізге шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен толағай жеңістер тілейміз!