Басты бет / Хабарландыру / Қазақстандық жас ғалымдарға арналған SSHN постдокторлық ғылыми-зерттеу стипендиялары /
Қазақстандық жас ғалымдарға арналған SSHN постдокторлық ғылыми-зерттеу стипендиялары
Жарияланды:
7 Сәуір 2022
оқу 3 мин
469
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 3 шілде 2022 ж.
Францияның Қазақстандағы Елшілігі инженерлік ғылымдар саласында Францияда қысқа мерзімді ұтқырлықтан (1-3 ай) өту үшін қазақстандық жас зерттеушілер арасында үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Стипендиялар саны: 2
Конкурсқа қатысу шарттары:
Қазақстан азаматтығы;
соңғы 5 жыл ішінде докторлық диссертация қорғаған үміткер;
қазақстандық жоғары оқу орындарының бірінде және/немесе ғылыми-зерттеу мекемесінде жұмыс істейтін, сондай-ақ жұмысы далалық зерттеуді және/немесе француз зертханасымен тығыз ынтымақтастықты қажет ететін жобасы бар үміткер.
Конкурсқа соңғы 3 жыл ішінде осындай қаржыландыру алмаған үміткерлер қатыса алады.
Стипендиялар келесі критерийлерге сәйкес тағайындалады:
үміткердің академиялық дайындығының жоғары деңгейі;
кәсіби бағыттылығы негізделген сапалы және дәлелді ғылыми-зерттеу жобасы;
ғылыми-зерттеу тағылымдамасына байланысты француз және/немесе ағылшын тілдерін еркін меңгеру;
ғылыми-зерттеу тағылымдамалары француз және қазақстандық білім беру немесе ғылыми-зерттеу мекемелері арасында бұрыннан бар немесе әріптестік қатынастар орнату процесіндегі әріптестік қатынастар аясында жүргізілуге, немесе осындай әріптестік қатынастарды іске асыруға үлес қосуы тиіс.
Осы бағдарлама бойынша Франция үкіметінің (BGF) стипендиаттары келесі артықшылықтарға ие болады:
ай сайынғы тұру стипендиясы 2055 евро;
Францияның жоғары білім, ғылыми зерттеулер және инновациялар министрлігіне қарасты мемлекеттік мекемелерде тіркеу жарнасын төлеуден босату;
тұрғын үй іздеуге көмек;
Францияда болу мерзіміне Campus France сақтандыру;
Елде болуды ұйымдастыруда және әкімшілік рәсімдерді шешуде Campus France көмек көрсету;
тегін виза беру;
көлік шығындарын өтеу: әуежайдан тағайындалған жерге дейін жол жүру: шығыстарды төлеу тек қана стипендиаттың тұрғылықты жеріне жақын халықаралық әуежайдан баратын әуежайға немесе межелі вокзалға дейін жүзеге асырылады.
Үміткерлерге келесі құжаттарды ұсыну қажет:
төлқұжат көшірмесі – бірінші бет;
зерттеу жобасының еркін нысандағы сипаттамасы (француз немесе ағылшын тілдерінде);
резюменің екі нұсқасы: біреуі таңдалған бағдарламаға байланысты француз немесе ағылшын тілдерінде, екіншісі қазақ немесе орыс тілдерінде;
француз немесе ағылшын тіліндегі мотивациялық хат (1 бет, тек алдыңғы жағы);
қазақстандық мекемеден француз немесе ағылшын тілдерінде жазылған қолдау хаты (pdf форматында);
қабылдаушы француз зертханасынан француз тілінде қабылдау туралы растау (pdf форматында);
қабылдаушы француз зертханасымен келісімшарттың болуы (Convention d'accueil).
Құжаттар PDF форматында (10 Мб аспайтын) 1 дерекнамада келесі электрондық почтағажіберілуі тиіс: programmepostdoc.fr@gmail.com
Құжаттарды тапсыру күнтізбесі мен мерзімдері:
құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 3 шілде 2022 ж. (24 сағ. 00 мин.).
Конкурс нәтижелері 2022 жылдың 12 шілдесінен кейін жарияланады.
Францияда болу мерзімі: 2022 жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін.
Бағдарламаға қатысты қосымша сұрақтар бойынша үміткерлер француз Альянстарындағы Espaces Campus France (https://www.kazakhstan.campusfrance.org/) бөлімдеріне хабарласа алады.