Skip to content

Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс бойынша орналасу туралы хабарландыру

«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ  педагогикалық қызметкерлердің келесі лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Кафедра меңгерушісі - 19:

Кафедра меңгерушісінің біліктілік талаптары:

  1. Тілдік даярлау орталығының меңгерушісі – 1 б.

Тілдік даярлау орталығы меңгерушісінің біліктілік талаптары:

  1. Әскери кафедра бастығының орынбасары - 1 б.

Әскери кафедра бастығы орынбасарының біліктілік талаптары:

      1)    Білімі: жоғары немесе  жоғары оқу орнынан кейінгі.

  1. Әскери кафедра циклының бастығы - 2 б.

Әскери кафедра циклы бастығының біліктілік талаптары:

  1. Кафедра профессоры – 18:

Профессордың біліктілік талаптары:

  1. Кафедраның қауымдастырылған профессоры (доценті) - 33:

Қауымдастырылған профессордың (доценттің) біліктілік талаптары:

  1. Кафедраның аға оқытушысы - 124:

 

Аға оқытушының біліктілік талаптары:

  1. Әскери кафедраның аға оқытушысы - 4;

Әскери кафедраның аға оқытушысының біліктілік талаптары:

  1. Кафедра оқытушысы - 34:

Оқытушының біліктілік талаптары:

  1. Әскери кафедраның оқытушысы - 4

Әскери кафедра оқытушысының біліктілік талаптары:

Байқауға қатысуға ниет білдірген және А.Байтұрсынов ҚӨУ КеАҚ қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалар үшін конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке куәліктің көшірмесі;

2) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми немесе ғылыми дәрежесі және (немесе) ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, конкурс жарияланған күнге дейін 12 айдан кешіктірмей берілген № 075/у нысанды медициналық анықтаманың түпнұсқасы;

4) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарынан конкурс жариялау күніне дейін бір айдан кешіктірілмей берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша наркологиялық және жүйке-психиатриялық ұйымның конкурс өткізу туралы хабарландыру күніне дейін бір айдан кешіктірілмей берілген конкурсқа қатысушы тіркелмегені туралы анықтамалары;

6) Соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары (соның ішінде кафедра пәндерінің бейіні бойынша);

7) ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімдері (бар болса);

8)Еңбек кітапшасының көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы немесе еңбек өтілін растайтын өзге де құжат.

9) Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;

10) Өмірбаян;

11) Түйіндеме (еркін нысанда, Times New Roman қаріп өлшемі 12 немесе 14, бір жол аралығымен бір беттен артық емес).       

Байқауға қатысуға ниет білдірген және А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ КеАҚ қызметкерлері болып табылатын тұлғаларға конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Өтініштер мен құжаттарды қабылдауды конкурстық комиссия мекенжай бойынша жүзеге асырады: пошта индексі

110000  Қостанай қ., А. Байтұрсынов, 47, 3 – этаж, кабинет 321 А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, сонымен қатар электрондық пошта info@ksu.edu.kz

Өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2021 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 21 қаңтарға дейін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2022 жылдың 21 қаңтары сағат 17:00-ге дейін.

Конкурстың 1-кезеңі 2022 жылдың 24 қаңтарынан 26 қаңтарына дейін өтеді (үміткерлердің қатысуы міндетті емес).

Байқаудың 2-кезеңі 2022 жылдың 31 қаңтарынан 04 ақпанына дейін аралығында ZOOM бейнеконференция қызметі арқылы онлайн режимінде өтеді.

Толық ақпаратты мына телефон арқылы білуге болады: 8-7142-51-10-25.

Кандидат өтініші (шаблон)

Лауазымға орналасу конкурсының ережесі

ҰС 025-2021 Профессорлық-оқытушылар құрамы лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

Ұсыныстар мен тілектерді қалдыру