object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 17:04:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Қазақстан Республикасында етті мал шаруашылығын дамыту. Жаңа шындықтағы қиындықтар мен мүмкіндіктер» ғылыми-практикалық семинары

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдар ұжымы 2023 жылғы 24 мамырда BR 10764981 «Етті мал шаруашылығындағы генетикалық ресурстарды сақтау мен жетілдірудің селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу» 2021-2023 ж.ж. ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде «Қазақстан Республикасында етті мал шаруашылығын дамыту. Жаңа шындықтағы қиындықтар мен мүмкіндіктер» тақырыпта көшпелі семинар өткізеді.

Ғылыми-практикалық семинарға ғалымдар, ауыл шаруашылығы және ветеринариялық бағыттағы облыстық, аудандық бөлімшелердің өкілдері; ауыл шаруашылығы құрылымдарының мамандары (мал шаруашылығы кәсіпорындары); білім алушылар, оқытушылар қатысады.

Ғылыми-практикалық семинардың мақсаты: Қазақстан Республикасының етті мал шаруашылығында генетикалық ресурстарды өсіру, сақтау және танымал ету жөніндегі ғылыми-зерттеу қызметін (жұмысын) іске асыру.

Ғылыми-практикалық семинар нысаны: Қазақстан Республикасында етті мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері бойынша шақырылған қатысушылардың сөз сөйлеуі және презентациялары.

Ғылыми-практикалық семинардың міндеттері:

  1. Серіктестік іскерлік қатынастарды дамыту;
  2. Білім алушылардың жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру

Өтетін орны: «Колос» ЖШС-фирма (Свердлов ауылы) Денисов ауданы Қостанай облысы.

Өтетін күні мен уақыты: 2023 жылғы 24 мамыр. 11.00 сағ.

БАҒДАРЛАМА

Уақыт:

Семинар іс-шаралары:

11:00с.

Ғылыми бағдарлама жетекшілеріне: ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының меңгерушісі Брель-Киселева Инна Михайловнаға құттықтау сөз беріледі

Ғылыми-инновациялық орталықтың меңгерушісі, PhD докторы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Рыщанова Раушан Миранбайқызы

"Колос"ЖШС директоры-фирма Корнеева Инна Робертовнаға құттықтау сөз

11.10с.

"Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" МБ мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Молдашов Аслан Асылханұлының "Қазақстандық сиыр еті нарығы: мәселелері мен болашағы" тақырыбында баяндамасы

11.25с.

"Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" МБ басшысының орынбасары, ветеринария ғылымдарының магистрі Кушубенова Айнагүл Амангелдіқызының "Қостанай облысының аумағындағы эпизоотиялық салауаттылық" тақырыбындағы баяндамасы

11.40с.

"Қостанай ғылыми-зерттеу ветеринариялық станциясы" ЖШС директоры, ветеринария ғылымдарының докторы Мұстафин Батыржан Моафиковичтің "Етті мал шаруашылығындағы проблемалар" тақырыбындағы баяндамасы

11.55с.

Ғылыми-инновациялық орталықтың меңгерушісі, PhD докторы, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Рышанова Раушан Миранбайқызының "Әкелінген етті бағыттағы ірі қара малдағы жұқпалы және жұқпалы емес этиология аурулары" тақырыбында баяндамасы

12.10с.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты брел-Киселева Инна Михайловнаның "Етті мал шаруашылығындағы асыл тұқымды жұмыс" тақырыбында баяндамасы

12.25с.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Тегза Иван Миклошевичтің "Абердин-ірі қара малдың Ангус тұқымы. Асылдандыру перспективалары"

12.30-13.00с.

Түскі ас

13.30с.

Практикалық бөлім: етті ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын классикалық бағалау.

14.30с.

Семинарды қорытындылау және қарар қабылдау. Сертификаттарды тапсыру.

Қабылдау комиссиясы