object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 17:59:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ғылыми-практикалық семинар «Қазақстанның жабайы Тозаңдандырғыштарын және олардың мекендеу ортасын сақтау мен қорғаудың маңыздылығы»

Құрметті білім алушылар, әріптестер!

«А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ В. Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институтының мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы «Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Қоры» Корпоративтік қорымен, БҰҰДБ, Қостанай облысы бойынша «Бал-Ара» ұлттық омарташылар одағымен және «Петровская пасека» ЖК-мен бірлесіп 2023 жылғы 15 маусымда «Қазақстанның жабайы Тозаңдандырғыштарын және олардың мекендеу ортасын сақтау мен қорғаудың маңыздылығы» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізіледі, осыған байланысты Сіздерді осы семинардың жұмысына қатысуға шақырамыз.

Семинардың басталуы: сағат 10.00

Мекен-жайы: «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ Қостанай қ., Абай даңғылы 28/1, Smart-орталық, 2 қабат

Іс-шараларға ғалымдар, республикалық, облыстық, аудандық бөлімшелердің өкілдері, ара шаруашылығы мамандары, фермерлер, әкімдік қызметкерлері қатысады.

Семинардың жалпы мақсаты-жердің деградациясына, климаттың өзгеруіне және биоәртүрлілікті сақтауға қарсы күресте ең тиімді шара ретінде ара шаруашылығы өнімдерін өндірумен тұрақты айқас тозаңдану агротехнологияларын жүргізу принциптері мен әдістері туралы айту.

Қатысушылар климаттың өзгеруіне бейімделуге және азық-түлік өндірісін арттыруға мүмкіндік беретін, сонымен бірге жердің деградациясымен күресетін озық тәжірибелерімен бөліседі деп күтілуде.

Семинар нысаны: Қазақстандағы араларды, жабайы Тозаңдандырғыштарды және олардың мекендеу ортасын сақтау мен қорғаудың өзекті мәселелері бойынша шақырылған қатысушылардың сөз сөйлеуі мен презентациялары.

Ғылыми-практикалық семинардың міндеттері:

  1. Жердің деградациясы мен биоәртүрлілік мәселелерін шешуде агроэкологиялық тәсілдерді қолданудың маңыздылығын түсіну;
  2. Кәсіби желінің өзара іс-қимылын күшейту;
  3. Білім алушылардың жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Өткізу мекенжайы: «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ, Қостанай қаласы, Абай даңғылы 28/1, 2 қабат

Өтетін күні мен уақыты: 2023 жылғы 15 маусым. 10.00 сағ.

Қатысушыларды тіркеу: 9.30.

 Модератор: мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының меңгерушісі И. Брель-Киселева

БАҒДАРЛАМАСЫ

Қабылдау комиссиясы