object(DateTime)#1024 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-06-30 20:23:26.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Біздің айналамыздағы әлем»

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы «Біздің айналамыздағы әлем» тақырыбында эссе онлайн-конкурсын өткізетіндігін жариялайды.

Конкурсқа қатысуға Қостанай, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан және ҚР басқа да облыстарының 11 сынып оқушылары шақырылады.

Эссе конкурсының мақсаты – жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін және шығармашылық бағыттағы мамандықты меңгеру алғышарттарын  анықтау.

Конкурс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Конкурсты өткізу мерзімі:  2020 жылдың 10 ақпаны - 12 наурыз аралығында 3 кезеңнен тұрады.

І кезең: 2020 жылдың 10-29 ақпан аралығында конкурстық эсселерін мына мекенжай бойынша жібереді: kaf_jurn_kom_men@ksu.edu.kz

ІІ кезең: І кезеңнен өткен қатысушылар А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 2020 жылдың 12 наурызында өтетін әңгімелесуге шақырылады.

ІІІ кезең: әділ-қазылар алқасының жұмысы, конкурстың нәтижесін шығару және жеңімпаздарды жариялау.

Конкурс жеңімпаздары (алғашқы бес орын) мақтау қағазымен марапатталады және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Журналистика» мамандығында оқуға түсуге мүмкіндік алады (олар үшін арнайы тегін кеңестер кешені өткізіледі), гран-при иегері «Журналистика» мамандығында оқуға ректордың грантын иеленеді.

Конкурстың нәтижесі және жеңімпаздар есімі көрсетілген ақпарат А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ сайтында 2020 жылдың 18 наурызына дейін жарияланады.

Анықтама телефоны: 8 (7142) 51-11-93

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы, бас корпустың 227 кеңсесі. Қостанай қ-сы, Байтұрсынов к-сі, 47.

Толық ақпаратты конкурс ЕРЕЖЕСІНЕН танысуға болады

Қабылдау комиссиясы