"Өсу нүктесі. Жұмыс берушілермен кездесу" атты дөңгелек үстелі өтеді

Құрметті студенттер мен түлектер!

2025 жылғы 28 наурызда сағат 11:00-де ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің Ветеринариялық медицина кафедрасында "Өсу нүктесі. Жұмыс берушілермен кездесу" атты дөңгелек үстелі өтеді. Жұмыскерлермен кездесу Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік мекемелері өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

Іс-шара аясында "Ветеринариялық медицина" және "Ветеринариялық санитария"мамандықтарының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланады. Барлық қызығушылық танытқан студенттер мен түлектерді шақырамыз.

Дөңгелек үстел модераторлары:

Сізді кездесуде күтеміз!

Қабылдау комиссиясы