object(DateTime)#1027 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-27 04:28:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

"А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ бос лауазымына орналасуға конкурс: Басқарма мүшесі-әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 47 мекенжайы бойынша орналасқан «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

1) басқарма мүшесі - әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, тиісті салалардағы білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:

  1. жиырма бес жасқа толмағандар;
  2. бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағандар;
  3. өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы барлар;
  4. арнайы медициналық мекемелерде есепте тұрғандар;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;
  2. конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
  4. білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып көшірмелері;
  5. бағдарлама;
  6. жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  7. құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген тиісті нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) ұсынады;
  8. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  9. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  10. қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушылар конкурсқа қатысушылар 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті»  коммерциялық емес акционерлік қоғамына, 110000, Қостанай қаласы, А. Байтұрсы-нов көшесі, 47, 306 каб. тапсыру қажет. телефоны: 8 (777) 490 7779, e-mail: ansabaeva_asiya@mail.ru.

Қосымша

Қабылдау комиссиясы