object(DateTime)#1027 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 13:49:17.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Сұңқар» спорт клубының меңгерушісі бос лауазымына орналасуға конкурс

«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Сұңқар» спорт клубының меңгерушісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Білімі: жоғары;
  2. Жұмыс тәжірибесі: басшылық лауазымында – 3 жылдан кем емес;
  3. Арнайы талаптар: спорт түрі бойынша разряд, төрешілер санаты.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 1-қосымшаға сәйкес конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген және университеттің штаттық қызметкері болып табылмайтын тұлғалар өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:

  1. жеке куәлігі көшірмесі;
  2. жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы, ғылыми немесе академиялық дәрежелер және (немесе) ғылыми атағы туралы дипломдар көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары.
  3. конкурс жарияланған күннен кемінде 12 айға дейін берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген медициналық анықтама нысаны № 075/у түпнұсқасы;
  4. конкурс жарияланған күннен кемінде бір ай бұрын берілген, құқықтық статистика және соттылығының жоқтығы арнайы есепке алу туралы органдарының анықтамасы;
  5. конкурс жарияланған күннен кемінде бір ай бұрын берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардың конкурсқа қатысушы есепке еместігі туралы анықтамасы;
  6. еңбек кітапшасының көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы немесе еңбек өтілімін растайтын басқа құжат;
  7. кадрлық есепке алу бойынша жеке парағы;
  8. өмірбаян;
  9. түйіндеме (ерікті нысанда).

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар белгіленген мерзімге дейін «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 110000, Қостанай қаласы, Байтұрсынов 47 көшесі, 316 каб. тапсыру қажет, телефон: 8 (714/2) 51-14-86, e-mail: info@ksu.edu.kz.

Қабылдау комиссиясы