object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-25 00:03:55.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ішкі аудит қызметі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ішкі аудит қызметі басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. экономика және қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы менеджменті, қаржы және кредит салаларындағы жоғары кәсіптік білім;
  2. аудит, бухгалтерлік есеп немесе қаржы саласында жұмыс тәжірибесі - кемінде 5 жыл;
  3. басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі - 2 жылдан кем болмауы тиіс;
  4. Өндірістік-шаруашылық қызметті, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
  5. Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және халықаралық ішкі аудит стандарттарын, халықаралық аудит стандарттарын (МСА) білу;
  6. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған «аудитор» біліктілік куәлігі;
  7. төменде санамаланғандардың кемінде 1-і:
    - CIA ішкі аудит саласындағы сертификат (Certified Internal Auditor);
    - АССА алқаби бухгалтерінің сертификаты (Association of Certified Chartered Accountants);
  8. мемлекеттік және шетел тілдерін білгені дұрыс.

 Лауазымдық міндеттері: 

  1. Университеттің қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне аудит және бағалау жүргізеді;
  2. ЖОО бюджетін пайдалану тиімділігіне бағалау жүргізеді;
  3. Университетте ішкі бақылау жүйесінің тәуекелдерін басқару аудитін жүргізеді;
  4. Бухгалтерлік есеп жүйесінің, университет ақпаратының (жоспарлары мен есептілігінің) дұрыстығына, толықтығына, объективтілігіне және сенім-ділігіне бағалау, сондай-ақ осындай ақпаратты (жоспарлар мен есептілікті) ішкі және сыртқы пайдаланушыларға сәйкестендіру, өлшеу, жіктеу және ұсыну үшін пайдаланылатын қағидаларға (қағидаттарға, әдістерге) бағалау жүргізеді;
  5. Ресурстарды, активтерді пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігі-не, олардың есепке алынуын, сақталуын (қалпына келтірілуін) және/немесе қауіпсіздігін (қорғалуын) қамтамасыз етудің қолданылатын әдістеріне (тәсілдеріне) бағалау жүргізеді;
  6. Университеттің Қазақстан Республикасы Заңнама талаптарын, ішкі саясат пен өзге де құжаттарды сақтауына, сондай-ақ осы талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін құрылған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің тиімділігіне бағалау жүргізеді;
  7. Университет органдарының шешімдерін және уәкілетті (қадағалау) мемлекеттік органдардың нұсқамаларын (ұсыныстарын) орындауға талдау және бағалау жүргізеді;
  8. Ішкі аудит қызметінің іс-қимылын әдіснамалық қамтамасыз етуді және үйлестіруді жүзеге асырады;
  9. Корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігіне және оны жетілдіру процесіне, этикалық стандарттар мен құндылықтардың сақталуына бағалау жүргізеді.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. жеке куәлігі көшірмесі;
  2. 3 * 4 өлшемді түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
  3. салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;
  4. жұмыс орны (қолданыстағы не соңғысы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан кешіктірмей берілген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен № 075/е нысанды медициналық анықтама;
  6. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
  7. наркологиялық ұйымның мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берген анықтамасы;
  8. қылмыстық заңнамаға сәйкес айналысуға тыйым салынбағанын растайтын құжат;
  9. қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;
  10. түйіндеме (еркін нысанда бір беттен аспайтын көлемде).

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты толық ақпарат бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.

5, 6, 7-тармақтардың астындағы құжаттарды Кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет алдын ала қарағаннан кейін ұсынуға жол беріледі.

Құжаттарды мына мекенжай бойынша қабылдау: 110000, Қостанай қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 47, 3-қабат, кабинет 306, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ, e-mail: ansabaeva_asiya@mail.ru

Қабылдау комиссиясы