110000, Қостанай қаласы, А. Байтұрсынов көшесі, 47, «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Қостанай қаласы, А.Байтұрсынова көшесі, 47, мекен-жайы бойынша орналасқан «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына конкурс жариялайды.
Қызметтің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірмелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Конкурсқа төмендегі тұлғалар қатыса алмайды:
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне ұсыну қажет (каб. 645), телефон: 8(7172)74-16-70, 74-25-22. Е-mail: m.izbasar@edu.gov.kz