Басты бет / Хабарландыру / Қашықтықтан оқыту және қосымша білім беру басқармасы бастығы бос лауазымына орналасуға конкурс /
Қашықтықтан оқыту және қосымша білім беру басқармасы бастығы бос лауазымына орналасуға конкурс
Жарияланды:
31 Қаңтар 2023
оқу 2 мин
303
«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы қашықтықтан оқыту және қосымша білім беру басқармасыбастығы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары кәсіптік техникалық білім, ғылыми дәрежесінің болуы;
Жұмыс өтілі: оқу орнының бейініне сәйкес келетін мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес;
Ерекше талаптар: соңғы 5 жыл ішінде білім беру саласындағы менеджмент мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (сертификаттың) болуы
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 1-қосымшаға сәйкес конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген және университеттің штаттық қызметкері болып табылмайтын тұлғалар өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:
жеке куәлігі көшірмесі;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы, ғылыми немесе академиялық дәрежелер және (немесе) ғылыми атағы туралы дипломдар көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары.
конкурс жарияланған күннен кемінде 12 айға дейін берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген медициналық анықтама нысаны № 075/у түпнұсқасы;
конкурс жарияланған күннен кемінде бір ай бұрын берілген, құқықтық статистика және соттылығының жоқтығы арнайы есепке алу туралы органдарының анықтамасы;
конкурс жарияланған күннен кемінде бір ай бұрын берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардың конкурсқа қатысушы есепке еместігі туралы анықтамасы;
еңбек кітапшасының көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы немесе еңбек өтілімін растайтын басқа құжат;
кадрлық есепке алу бойынша жеке парағы;
өмірбаян;
түйіндеме (ерікті нысанда).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттар белгіленген мерзімге дейін «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 110000, Қостанай қаласы, Байтұрсынов 47 көшесі, 316 каб. тапсыру қажет, телефон: 8 (714/2) 51-14-86, e-mail: info@ksu.edu.kz.