object(DateTime)#1050 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-21 16:19:09.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» атағын беру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті "ЖОО - ның үздік оқытушысы-2025"атағын беруге конкурс жариялады.

Конкурс "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа жоғары оқу орнының штаттық оқытушысы болып табылатын, құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар және соңғы он жыл ішінде Конкурс жеңімпазы атанбаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Конкурс жыл сайын екі кезеңде – ЖОО ішілік және республикалық кезеңдерде өткізіледі.

Конкурстың бірінші ЖОО ішілік кезеңі -2025 жылғы 03 қарашадан 14 қарашаға дейін өткізіледі.

"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидалары

Қабылдау комиссиясы