object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 18:24:09.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың өткізілетінін хабарлайды.

Конкурстық құжаттама «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ  https://www.gov.kz/memleket/entities/science?lang=ru, «Ғылым Қоры» АҚ https://science-fund.kz/ және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – Сараптама орталығы) https://www.ncste.kz/ru/competition сайттарында орналастырылған.

Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі: 2023 жылғы 19 желтоқсан.

Өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі: 2024 жылғы 22 қаңтар.

Конкурстық өтінімдер жобалау тобы мүшелерінің, жобалау тобы басшысының және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ААЖ) www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша қабылданады.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін Сараптама орталығының ААЖ-мен жұмыс істеу бойынша кеңес беру мына телефондар арқылы алуға болады: +7 727 355 5002 (ішкі 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228). Жұмыс уақыты:жұмыс күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияны 2023 жылғы 19 желтоқсаннан 2024 жылғы 19 қаңтарға дейін алуға болады:

Конкурстық құжаттама (сілтеме)

Қабылдау комиссиясы