object(DateTime)#1037 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-22 09:03:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

2025 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға байқау жарияланды

Студенттер назарына!

2025 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға байқау жарияланды.

Байқауға қатысу үшін бакалавриаттың 1 және 2 курс студенттері шақырылады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1) Шет тілін меңгеру деңгейі В2 – ден төмен емес (IELTS – 5.5, TOEFL-46 және одан жоғары).

2) GPA ағымдағы үлгерім транскриптінің орташа балы 3,0-ден төмен емес (4,0).

Академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға арналған байқауға қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі- 25.03.2025 дейін.

Қатысушы төмендегі құжаттарды Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөліміне тапсырады (негізгі ғимарат, 110 кабинет, 9.00-18.00, түскі үзіліс 13.00-14.00).

Барлық сұрақтар бойынша Интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық басқармасына хабарласыңыз, 110 кабинет, негізгі ғимарат (Байтұрсынов көшесі, 47).

Телефон: 51-11-73, 51-11-80 немесе WhatsApp: +7 775 314 23 53

Қабылдау комиссиясы