object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 11:07:30.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

"Қаржы орталығы" АҚ

Білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы болып табылатын "Қаржы орталығы" АҚ жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі өз міндеттерін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған жас мамандардың және философия докторларының (PhD) сақталуына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ететін байланыс орталығынан келіп түскен SMS-хабарламаға "1414" "Қаржы орталығы" АҚ-ға келісім беру ("511" хабарламасы) не ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да білім алушының келісім беруден бас тарту ("512" хабарламасы) туралы ұсыныспен, сондай-ақ, бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура түлектеріне жауап беру үшін 15 минут ішінде жауап беру мүмкіндігі беріледі, көрсетілген уақыт өткеннен кейін хабарлама маңызды емес болып саналады.

Білім алушы ЖЖОКБҰ-ға немесе ДССҒҰ-ға, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура түлектеріне "511" хабарламасын (келісім)  жібергеннен кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен дербес деректерді жинау және өңдеу үшін "1414" байланыс орталығына "Қаржы орталығы" АҚ атына шектеулі деректер ұсынылатын болады – жұмыс берушінің БСН немесе ЖСН, ұйымның атауы, жұмыс берушінің мекенжайы және міндетті зейнетақы жарналарының түсу кезеңдері.

Бұл ретте "Қаржы орталығы" АҚ үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтерінде басқа құпия дербес деректер көрсетілмейді.

"512" (бас тарту) хабарын "1414" байланыс орталығына ЖЖОКБҰ немесе ЖББҰ-да білім алушының, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура түлектерінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге жіберген кезде "Қаржы орталығы" АҚ-ға үш жылдық немесе екі жылдық өтеу бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы растайтын құжаттарды өз бетінше жолдауы қажет.

Қабылдау комиссиясы