Алтыбаева Акжан Бахитжановна, гуманитарлық ғылымдар магистрі
Тағылымдама бағыты: Филология
Шетелдік ұйымның атауы: Эге университеті (Измир қ., Түркия)
Ғылыми тағылымдама тақырыбы: Топтық фольклордың этнолингвистикалық сипаты: түркі фольклорындағы жетімдік мотиві
Тағылымдамадан өту мерзімі: 01.04.2024–30.06.2024 ж.
2024 жылғы 13–15 сәуір аралығында Эге университетінде өткен «Түркі әлемінің жастары» семинарына қатысты. Қатысу нәтижесінде сертификат алды.
2024 жылғы 16 сәуірде Эге университетінің Әдебиет факультетінде «Қорқыт ата мұрасы» атты конференция өтті. Баяндамашы: Түркі әлемін зерттеу институтының түрік фольклортану кафедрасының меңгерушісі, профессор, ф.ғ.д. Метин Екичи.
2024 жылғы 24 сәуірде «Мәдени мұра» пәні бағдарламасы аясында фольклорлық экспедицияға қатысты. Өткізілген орны: OBA YÖRÜK түрікмен мәдени орталығы (Измир қ.), «Алаш» қазақ ауылы (Түркия), Назар ауданы.
2024 жылғы 25 сәуірде ІХ Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Тілді тану арқылы әлемді тану: ел, тарих, мәдениет» тақырыбында қатысып, фольклортану бағыты бойынша ғылыми мақала жариялады (Қостанай қ., Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай өңірлік универитеті).
2024 жылғы 25 сәуірде Маниса қаласындағы Джалал Баяр университетінде өткен «Түркі әлеміндегі Қорқыт ата зерттеулері» атты семинарға қатысты. Профессор Гюроль Пехливан.
2024 жылғы 2 мамырда «Қазіргі медицина және ұлттық сенімдермен байланысты халық емі» атты симпозиумға қатысты. Баяндамашы: проф. Ибрахим Ерен Акчичек.
2024 жылғы 3 мамырда «Қорқыт ата және түрік мәдениеті» атты әдеби семинар өтті. Баяндамашы: проф. Метин Екичи.
2024 жылғы 3–4 мамыр аралығында «Жібек жолындағы тіл, әдебиет, аударма, туризм және мәдени мұраны оқытудағы инновациялық тәсілдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, мақала жариялады (Түркия, Измир; Өзбекстан, Самарқанд).
2024 жылғы 10 мамырда Anadolu Mektebi YouTube-арнасында өткен «Қорқыт ата оқулары және түрік мәдениеті» онлайн-семинарына қатысты.
2024 жылғы 13 мамырда «Отбасылық-ғұрыптық фольклор: қазақ халқының туу және үйлену салттары» атты семинарға қатысты.
2024 жылғы 15 мамырда Эфес антикалық ашық аспан астындағы музейінде фольклорлық экспедицияға қатысты.
INNOVA-2024 «Қазақстан Республикасындағы жоғары білім берудің басым бағыттары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысып, мақала жариялады.
2024 жылғы 21 мамырда «Шуша қаласы және ислам әлемі» атты халықаралық конференцияға қатысты (Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы).
2024 жылғы 22 мамырда Измир қаласының Менемен тарихи-мәдени ауданында фольклорлық экспедицияға қатысты.
2024 жылғы 22 мамырда «Әлем және киелі орындар мифологиясы» атты семинарға қатысты. Баяндамашы: проф. Озгюр Табуроглы.
2024 жылғы 29 мамырда Айдын провинциясы, Кушадасы тарихи-мәдени аймағында фольклорлық экспедицияға қатысты.
Қазіргі заманғы әдістемелерді меңгеру және қолдану
Ғылыми тағылымдама барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, зерттеудің әдіснамалық тәсілдері, мәтінтанулық әдіс, этимологиялық, мәтіндік және лингвистикалық талдау әдістері меңгерілді. Бұл әдістерді бакалавриат және магистратура студенттеріне дәріс және практикалық сабақтар жүргізуде, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға болады.
Қазақстан Республикасында тағылымдама нәтижелерін енгізу
«500 ғалым» бағдарламасы аясында «Филология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдама нәтижелері:
Эгей университетінің Түркі әлемін зерттеу институтының профессоры Пынар Федакармен бірлескен ғылыми мақала жарияланды;
Профессор Мувафак Дуранлымен бірлесіп, Жібек жолы мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми конференцияда (Измир – Самарқанд) ғылыми мақала жарияланды;
ҚР ҒЖБМ «Білім беру процесіне шетелдік мамандарды тарту» бағдарламасына шетелдік ғалымдарды қатыстыру жұмыстары ұйымдастырылды; 2024–2025 оқу жылына профессорлар Мувафак Дуранлы мен Пынар Федакардың сапары жоспарланды;
2024 жылғы қазан айына жоспарланған «Түркі әлемінің эпостары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының бағдарламасы Эгей университеті мен Қостанай өңірлік университеті бірлесіп әзірледі;
Эгей университеті мен Қостанай өңірлік университеті арасында академиялық алмасу мен бірлескен зерттеулерді дамытуға бағытталған екіжақты ынтымақтастық туралы меморандум ережелері талқыланып, қол қойылды.