Айтжанова Индира Нұрланқызы, PhD докторы

Тағылымдама бағыты: Мал шаруашылығы

Шетелдік ұйымның атауы: Литва денсаулық сақтау ғылымдары университеті (Каунас қ., Литва)

Ғылыми тағылымдама тақырыбы: Отандық және шетелдік етті бағыттағы ірі қара мал тұқымдарының өнімділік және даму көрсеткіштері

Тағылымдама мерзімі: 01.10.2024-31.12.2024 ж.

Тағылымдама кезеңінде бекітілген бағдарламаға сәйкес барлық қойылған міндеттер толық орындалды. Литва денсаулық сақтау ғылымдары университетіне келгеннен кейін, ең алдымен, тағылымдама жетекшісі – ветеринария факультетінің деканы, мал шаруашылығы факультетінің профессоры, доктор Rolandas Stankevičius мырзамен танысу жұмыстары жүргізілді.

2024 жылғы 28 қарашада Литва денсаулық сақтау ғылымдары университетінің Байсогала қаласындағы Мал шаруашылығы институты ұйымдастырған «Inovatyvių technologijų taikymas mėsinėje galvijininkystėje» атты семинарға спикер ретінде қатысып, «Отандық және шетелдік тұқымдар мысалында Қазақстандағы етті мал шаруашылығының даму болашағы» тақырыбында баяндама жасадым.

Баяндама барысында Қазақстандағы мал шаруашылығының қазіргі жағдайы, даму перспективалары, өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары қарастырылды. Семинар қатысушылары тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар, «Отандық және шетелдік етті бағыттағы ірі қара мал тұқымдарының өнімділік және даму көрсеткіштері» тақырыбындағы ғылыми тағылымдама бағдарламасы аясында Еуропа елдерінде, соның ішінде Литвада қолданылатын етті бағыттағы ірі қара малды өсіру, бағу және азықтандырудың заманауи әдістері меңгерілді. Литва денсаулық сақтау ғылымдары университетінің зертханаларында жемшөп құрамын және ет сапасын анықтау бойынша бірқатар талдау жұмыстары жүргізілді.

Кездесулер нәтижесінде білім беру және ғылыми ынтымақтастықтың болашақ бағыттары айқындалды. Тағылымдама қорытындысы бойынша зерттеу тақырыбы аясында рецензияланатын журналда ғылыми мақала жарияланатын болады.

Қабылдау комиссиясы