object(DateTime)#1047 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-22 04:06:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

AGROTECH HACKATHON 2025 керемет идеялар

Baitursynuly University Smart-орталығында өткен QOSTANAI AGROTECH HACKATHON 2025 финалдық Demo Day өз идеяларымен шабыттандырып, болашаққа деген сенім сыйлады.

Агроcектордағы нақты мәселелерді идеялар мен технологиялар арқылы шешуге бағытталған республикалық студенттік хакатон еңбек мамандықтарының ауыл шаруашылығындағы рөлі өзгеріп жатқанын және агробизнес саласындағы дәстүрлі мамандықтардың мазмұны жаңарып келе жатқанын айқын көрсетті.

Мысалы, ауыл шаруашылығына жасанды интеллектті енгізу енді тәжірибе ретінде емес, саланың жүйелі трансформациясы ретінде қарастырылады. Машиналық көру, пилотсыз техника, болжамдық алгоритмдер мен цифрлық платформалар ауыл еңбегінің құрылымын түбегейлі өзгертуде. Жас стартаперлердің мұны жүз пайыз түсінетіні және ауыл шаруашылығында жоғары технологияларды алдағы уақытта қалай қолдануға болатынын нақты елестете алатыны қуантады.

Хакатонға еліміздің 20 жоғары оқу орнынан 60-тан астам өтінім түсіп, финалға 16 команда жолдама алды. Іс-шарада талантты студенттер аз ғана уақытта нақты технологиялық шешімдерді әзірледі. Хакатон өзін креатив, командалық жұмыс және инновациялық тәсіл тоғысқан бірегей алаң ретінде көрсетті. Қатысушылар идея ойлап қана қоймай, оны агросалаға ықпал ете алатын прототиптерге айналдырды.

Бұрын физикалық күш пен тәжірибеге сүйенген ауыл мамандықтары бүгінде технологиялық сипатқа ие болуда. Механизатор — интеллектуалды техниканың операторы, агроном — деректер аналитигі, фермер — алгоритмдік модельдерге сүйенетін менеджер. Басты өзгеріс — «машиналар адамдарды алмастырады» деген түсінікте емес, адам еңбегінің сипатының өзгеруінде. Қазір рутиналық операциялардың орнын деректерді талдау, жүйелерді баптау және цифрлық интерфейстермен жұмыс істеу басты. Яғни адам мен алгоритм бірігіп шешім қабылдайтын жаңа экожүйе қалыптасуда.

Күн Қостанай облысының стартап көрмесінен басталды. Smart-орталықтың бірінші қабатында қонақтар өңірдің ең перспективалы жобаларымен танысып, жаңа идеялар мен заманауи технологиялардың деңгейін бағалай алды. Одан кейін жобаларды қорғау және ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтары бар викторина өтті. Финалистер өз жобаларын питч-сессия форматында таныстырып, кейін динамикалық викторинаға қатысты.

Baitursynuly University ректоры Сейтбек Куанышбаев студенттерге шабыт пен жарқын идеяларының сәтті жүзеге асуын тіледі. Ал финалистерге А.Сәгінов атындағы Қарағанды техникалық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы Арын Орсариев, Baitursynuly University директорлар кеңесінің төрағасы Данат Жумин, "Олжа Агро" ЖШС бас директоры Алишер Ходжаназаров және "Агромашхолдинг KZ" АҚ ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы Максим Рюмин құнды кеңестерін берді.

Хакатон дегеніміз не? Бұл — креатив, командалық рух және технологиялар арқылы нақты мәселелерді шешуге бағытталған интенсивті жарыс.

ҚӨУ проректоры Эльмира Наурызбаева атап өтті:

– Хакатонның басты мақсаты – студенттердің әлеуетін ашу, агросектордың цифрлануын жеделдету және өзекті міндеттерге шешім табу. Болашақта бұл идеялар өңір өндірісіне енгізіледі. Іс-шара студенттердің кәсіби және жеке дамуына да зор мүмкіндік береді.

Финалда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 16 команда өз жобаларын ұсынды. Біз ең мықтылардың қатарында ҚӨУ студенттері де барына мақтан тұтамыз!

Данат Жумин студенттерге:

– Сендерге қызығамын. Барлығы енді басталып жатыр. Бір-бірлеріңнен үйреніп, жаңа мақсаттар қойыңдар! – деді.

Жеңімпаздар төрт критерий бойынша анықталды: кейске сәйкестік, техникалық іске асыру және инновация, енгізу әлеуеті, презентация сапасы.

500 000 теңгелік жүлдені үш кейс бойынша жеңіп алғандар:

Барлық финалистер агросектордың инновациялық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін сертификаттармен марапатталды.

Хакатон қазіргі агросекторда еңбек пен білімнің жаңа мәдениеті қалыптасып келе жатқанын көрсетті. Бүгінгі аграрлық маман тек жер мен климатты ғана емес, машиналық оқыту принциптерін, сенсорлық жүйелердің логикасын және киберқауіпсіздік негіздерін білуі тиіс. Жаңа буын маманы — табиғат пен алгоритмді біріктіре алатын заманауи агроинтеллектуал.

Осындай керемет хакатонды ұйымдастырып, жастар бастамасын қолдағаны үшін ҚӨУ-ға зор алғыс!

Қабылдау комиссиясы