Жеке мәселелер бойынша қабылдау кестесі:
- Сәрсенбі 15.00-17.00
- Жұма 15.00-17.00
Өмірбаяны
Наурызбаева Эльмира Кенжегалиқызы 1980 жылдың 24 шілдесінде Қостанай облысы Жангелді ауданы Шилі ауылында дүниеге келген.
Білім беру
- 1997-2001 жж. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, мамандығы: Қазақстан тарихы, біліктілігі: тарихшы-зерттеуші, тарих пәнінің оқытушысы.
- 2002-2004 жж. Магистратура, Қостанай педагогикалық институты.
- 2004-2007 жж. Аспирантура, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті.
Жұмыс тәжірибесі
- 2001-2002 жж. Әлеуметтік-техникалық колледжінің оқытушысы.
- 2002-2010 жж. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Отан тарихы кафедрасының ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы.
- 2010-2012 жж. Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы.
- 2012-2017 жж. Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі.
- 2017-2020 жж. Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің академиялық қызмет жөніндегі басқарма басшысы.
- 08.07.2020-12.10.2020 жж. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің академиялық қызмет жөніндегі басқарма басшысы, Қостанай қаласы.
- 2020-2022 жж. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің академиялық жұмыс департаменті директорының м.а.
- 2022-2024 жж. А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің академиялық қызмет жөніндегі басқарма басшысы.
Біліктілікті арттыру
- 2024 жылдың қаңтары «Жаңа реттеу саясаты аясында жоғары оқу орындарының ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін орнату» курсы, Қазақстан – 96 сағат.
- 2023 жылдың ақпаны «Мамандығым-болашағым» жобасының аналитикалық бөлімін дайындау бойынша практикалық воркшопқа қатысу, 2025 жылға дейінгі халық табысын арттырудың кешенді жоспары аясында – 36 сағат.
- 2022 жылдың мамыры Мәскеу, Ресей, Жоғары экономика мектебі Ұлттық зерттеу университетінің Статистикалық зерттеулер және білім экономикасы институтының Фарсайт орталығында біліктілікті арттыру – 36 сағат.
- 2022 жылдың маусымы «Білім берудегі менеджмент» біліктілікті арттыру курсы, Қазан федералдық университеті НЧИ, Ресей – 72 сағат.
- 2022 жылдың маусымы «Тарихты оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары» біліктілікті арттыру курсы, Қазан федералдық университеті НЧИ, Ресей – 72 сағат.
- 2022 жылдың сәуір-шілде айлары Халықаралық "Болашақ" стипендиясы аясында тағылымдама, Қазан қ., Ресей.