object(DateTime)#1038 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-08-02 22:12:52.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Наметов Аскар Мырзахметович

А.М.Наметовтың басшылығымен Қостанай университетінде алқалы басқару органдарының функцияларын кеңейту және олардың ашықтығы мен жариялылығын арттыру, студенттер мен жұмыс берушілерді басқаруға тарту арқылы корпоративтік менеджмент қағидаттары енгізілді, MARCO және Casia жобасы, ЕО Эразмус Мундус бағдарламасы шеңберінде білім алушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. ЖОО үшін білім сапасына кепілдік беру тұжырымдамасы әзірленді.

АҚШ, Голландия, Ұлыбритания, Австрия, Германия, Финляндия, Италия, Испания, Польша және т. б. жоғары оқу орындарында, ғылыми және өндірістік орталықтарда ғылыми жұмысты ұйымдастыру, білім берудегі менеджмент мәселелері бойынша біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу сертификаттары бар.

ҚР АШМ Ветеринария департаменті бекіткен 120-дан астам ғылыми мақалалардың, әдістемелік ұсынымдардың авторы, 10 өнертабыстың патент иегері. Бірінші "ҚР Ветеринариялық заңнамасының" авторларының бірі (3 томдықта), жоғары кәсіптік және арнаулы білім беру үшін ветеринариялық және мал шаруашылығы мамандықтары бойынша 12 мемлекеттік стандарт, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша 10 мемлекеттік стандарт, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру пәндері бойынша 20 үлгілік оқу бағдарламасы, ветеринариялық хирургия бойынша 3 оқулық әзірлеуші болып табылады.

Қабылдау комиссиясы