Кітап қоры ЖОО-ның құрылған күнінен бастап қалыптасады. Кітапхана қорының жалпы саны- 1146843 дана
Кітапхана қоры – ғылыми, ғылыми-көпшілік, оқу, өндірістік, анықтамалық, ақпараттық–библиографиялық, ғылыми-техникалық құжаттар мен көркем әдебиет. Басылым түрлері бойынша: баспа, Аудиовизуалды құжаттар, электрондық басылымдар; тілдік диапазон: мемлекеттік, орыс және шет тілдеріндегі құжаттар. Оқу әдебиеті кафедралардың өтінімдеріне сәйкес алынады. Ғылыми басылымдар мен құжаттардың басқа да түрлері оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыру принципінен алынады.
Кітапхана қорын жинақтау кезінде университеттің бейіні, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламалары, ғылыми зерттеулер саласындағы міндеттер ескеріледі.
Газеттер мен журналдардың 91 атауына жазылу жүргізіледі.