Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша.
Өтініштер бакалавриаттың оқу бағдарламасының ұзақтығына байланысты төмендегі курстарда қабылданады:
- 1-курс – оқу ұзақтығы 3 жыл болатын бакалавриат бағдарламаларының студенттері (қысқартылған бағдарламалар қоса алғанда);
- 1 және 2-курс – оқу ұзақтығы 4 жыл болатын бакалавриат бағдарламалары;
- 1, 2 және 3-курс – оқу ұзақтығы 5 немесе 6 жыл болатын бакалавриат бағдарламалары.
Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша.
Өтініштер бакалавриаттың оқу бағдарламасының ұзақтығына байланысты төмендегі курстарда қабылданады:
- 1-курс – оқу ұзақтығы 2 жыл болатын бағдарламалар;
- 1 және 2-курс – оқу ұзақтығы 3 жыл болатын бағдарламалар;
- 1, 2 және 3-курс – оқу ұзақтығы 4 жыл болатын бағдарламалар;
- 1, 2, 3 және 4-курс – оқу ұзақтығы 5 немесе 6 жыл болатын бағдарламалар.
Міндетті әскери қызметін өтеген студенттер – медициналық тексерістен кейін конкурстан тыс, тегін (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) қабылданады.
Қабылдау тәртібі
Әскери дайындық бағдарламалары бойынша студенттерді қабылдауды құрылымында әскери кафедрасы бар ЖОО (қызмет көрсетуші) жүзеге асырады.
Әскери кафедрада оқуға конкурсқа қатысқысы келетін студент 1 ақпаннан бастап «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz) ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен өтініш береді.
Қызмет көрсетушіге жүгінген жағдайда студент қосымша құжаттар тапсырады.
Өтініштер қабылдау мерзімі — 30 қыркүйекке дейін.
Конкурс кезеңдері
- ҚР Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі №373 бұйрығымен бекітілген ережелерге сәйкес медициналық куәландырудан өту.
- Кәсіби-психологиялық тестілеу.
- Дене даярлығын тексеру.
- ЖОО басшысы бекітетін рейтингтік балл бойынша конкурс.
Конкурс кезеңдеріне жіберілмеу себептері
- Медициналық комиссия шешімімен жарамсыз деп танылған студенттер келесі кезеңдерге жіберілмейді.
- Кәсіби-психологиялық тестілеуден өтпеген студенттер дене даярлығы нормативтерін тапсыруға жіберілмейді.
- Дене даярлығы нормативтерін тапсырмаған студенттер конкурсқа қатыстырылмайды.
- (3 нормативтің жиынтығы бойынша 8 баллдан төмен жинағандар — тапсырмаған болып есептеледі. Қашып шыққан немесе дистанцияны аяқтамаған студенттер барлық нормативтерді тапсырмаған болып есептеледі.)
Әскери дайындықтың аяқталуы
- Әскери дайындық ЖОО-дағы оқу аяқталғанға дейін 1 жыл бұрын оқу жиынымен аяқталады.
(офицер де, сержант та — екеуіне де ортақ)
Әскери атақтардың берілуі
- Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасын аяқтағандарға — «запастағы лейтенант» атағы беріледі.
- Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасын аяқтағандарға — «запастағы кіші сержант» атағы беріледі.
Грант алуға құқылы студенттер
- Запастағы офицерлер бағдарламасы:
Рейтинг бойынша бірінші нөмірден бастап жоспар бойынша бөлінген орын санына дейінгі студенттер тегін оқуға қабылданады.
- Запастағы сержанттар бағдарламасы:
Тегін оқу қарастырылмаған.
Дене даярлығы нормативтері-жігіттер
|
№ п/п
|
Жаттығу түрі
|
Балл
|
|
«5» (Өте жақсы)
|
«4» (Жақсы)
|
«3» (Қанағаттанарлық)
|
|
1.
|
100 м жүгіру (с)
|
14,2
|
14,5
|
15,0
|
|
2.
|
3000 м жүгіру (мин)
|
13,00
|
15,00
|
16,00
|
|
3.
|
Турникке тартылу (рет)
|
12
|
10
|
8
|
Дене даярлығы нормативтері-қыздар
|
№ п/п
|
Жаттығу түрі
|
Балл
|
|
«5» (Өте жақсы)
|
«4» (Жақсы)
|
«3» (Қанағаттанарлық)
|
|
1.
|
100 м жүгіру(сек)
|
16,0
|
16,5
|
17,0
|
|
2.
|
3000 м жүгіру (мин)
|
4,50
|
5,10
|
5,30
|
|
3.
|
Турникке тартылу(рет)
|
25
|
20
|
15
|