Мақсат 9: Берік инфрақұрылым құру, ауқымды және орнықты индустриализация мен инновацияларға жәрдемдесу

Тапсырмалар:

  • Экономикалық дамуды және адамдардың әл-ауқатын қолдау мақсатында барлығына бірдей қымбат емес және тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз етуге айрықша назар аудара отырып, өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылыммен бірге сапалы, сенімді, орнықты әрі берік инфрақұрылымды дамыту.
  • Жалпыны қамтитын және орнықты индустрияландыруға жәрдемдесу және 2030 жылға қарай өнеркәсіптегі жұмыспен қамту деңгейін және ұлттық талаптарға сәйкес жалпы ішкі өнімдегі өнеркәсіптік өндіріс үлесін едәуір арттыру және ең аз дамыған елдердегі тиісті көрсеткіштерді екі есеге арттыру.
  • Әсіресе дамушы елдерде ұсақ өнеркәсіптік және басқа кәсіпорындардың қаржылық қызметтерге, соның ішінде қымбат емес кредиттерге қолжетімділігін арттыру және олардың өндіру-өткізу тізбектері мен нарықтардағы интеграциясын күшейту.
  • 2030 жылға қарай жеке мүмкіндіктеріне сәйкес барлық елдердің қатысуымен инфрақұрылымды жетілдіру және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мен таза әрі экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процесс неғұрлым кең пайдалану есебінен кәсіпорындарды тұрақты етіп қайта жабдықтау.
  • Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде ғылыми зерттеулерді жандандыру, өнеркәсіптік секторлардың технологиялық әлеуетін өсіру, соның ішінде 2030 жылға қарай инновациялық қызметті ынталандыру және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласында (ҒЗТКЖ) 1 миллион адамға есептегенде жұмыскерлер санын, сондай-ақ ҒЗТКЖ-ға мемлекеттік және жеке шығыстарды едәуір арттыру арқылы.
  • Африка елдерін, ең аз дамыған елдерді, дамушы елдерді, теңізге шыға алмайтын елдерді және шағын аралдағы дамушы мемлекеттерді қаржылық, технологиялық және техникалық қолдауды арттыру есебінен экологиялық орнықты және берік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу.
  • Дамушы елдердегі отандық технологиялар саласындағы әзірлемелерді, зерттеулерді және инновацияларды, соның ішінде, атап айтқанда өнеркәсіпті әртараптандыруға және шикізат салаларындағы қосылған құнды ұлғайтуға қолайлы жағдай туғызатын саяси климатты жасау арқылы қолдау.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қолжетімділікті едәуір кеңейту және 2020 жылға қарай ең аз дамыған елдерде интернетке деген жалпыға ортақ және қымбат емес қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылу.

Жаңалықтар

БОЛАШАҚҚА бағытталған диалог

Қостанайға жұмыс сапармен құрамында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер бар делегация келді. Сапардың негізгі мақсатының бірі – Қазақстан Республикасы...

ЖЫЛДАМДЫҚҚА қарқын қосып…

Baitursynuly University делегациясы осы аптада Қытайда өтіп жатқан халықаралық «Formula Student» инженерлік жарысына қатысуда. Бұл сапардың мақсаты – жарысқа қатысып қана қоймай, әлемдік тәжірибені зерделеу, студенттердің...

БАРЛЫҚ ОҚУ – бір қосымшада

Baitursynuly University-де TutorKSU мобильді қосымшасы әзірленді. Университеттің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бөлімі оқытушылар мен студенттерге арналған авторлық TutorKSU қосымшасын таныстырды. Қосымша негізгі оқу сервистері мен...

АГРОИНЖЕНЕРЛІК ҒЫЛЫМ: Қытаймен ынтымақтастық көкжиегі

Baitursynuly University аграрлық техника және көлік кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мақсат Амантаев Қытайдағы Northwest A&F University (NWAFU) университетіне академиялық сапармен барып, College of Mechanical and Electronic Engineering...
Барлық жаңалықтар