Мақсат 7: Қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздерінің барлығы үшін жаппай қолжетімділігін қамтамасыз ету

Тапсырмалар:

  • 2030 жылға қарай жалпыға ортақ қымбат емес, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға қарай әлемдік энергетикалық теңгерімдегі жаңартылатын көздерден энергия үлесін едәуір арттыру.
  • 2030 жылға қарай энергиялық тиімділіктің ғаламдық көрсеткішін екі есеге арттыру.
  • 2030 жылға қарай экологиялық таза энергетика саласындағы жаңартылатын энергетиканы, энергиялық тиімділікті арттыру және қазбалы отындарды пайдаланудың неғұрлым таза технологияларын қоса алғандағы зерттеулер мен технологияларға қолжетімділікті жеңілдету мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жандандыру және энергетикалық инфрақұрылымға және экологиялық таза энергетикаға салынатын инвестицияларды көтермелеу.
  • 2030 жылға қарай дамушы елдерде, негізінен, ең аз дамыған елдерде, шағын аралдағы дамушы мемлекеттерде және теңізге шыға алмайтын дамушы елдерде, олардың тиісті қолдау бағдарламаларын ескере отырып, барлығын заманауи және тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды кеңейту және технологияларды жаңғырту.

Жаңалықтар

Болашақ ұрпақ үшін маңызы зор қадам

ҚӨУ педагогикалық институтында «ҚР Жаңа Конституциясы: болашақ ұрпақ үшін маңызы» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысқан институт оқытушылары еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер жобасын қызу талқыға салды. ҚӨУ экономика және...

Білім беру саласындағы STEM-технологиялар

12 қарашада Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институты, жаратылыстану пәндері кафедрасының жаңа химиялық зертханасында «Жаңартылатын энергия көздері» тақырыбында STEM-жобалар бойынша ашық сабақ мини-конференция форматында өтті. Сабақ...

АЭС салу: артықшылықтары мен перспективалары

Baitursynuly University-де «АЭС-тің жаһандық энергетикалық жүйедегі экономикалық артықшылықтары» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Қостанай облысының жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. Қонақтарды ҚӨУ...

Елдің болашағына әсер ететін таңдау

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Еркін ӘБІЛ және Екатерина СМЫШЛЯЕВА Baitursynuly University басшылығы мен оқытушыларымен кездесті. Кездесудің тақырыбы 6 қазанда Қазақстанда өтетін АЭС салу мәселесі бойынша референдум туралы. Кездесу...
Барлық жаңалықтар