Мақсат 16: Тұрақты даму мүдделерінде бейбіт және ашық қоғамның құрылуына жәрдемдесу, барлығы үшін сот әділдігіне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беруге міндетті және кең қатысуға негізделген мекемелерді құру
Тапсырмалар:
Зорлықтың барлық нысанының таралуын айтарлықтай азайту және осыдан пайда болатын өлімнің бүкіл әлемдегі көрсеткіштерін төмендету.
Балаларға қатысты қорлық көрсетуге, оларды пайдалануға, саудаға салуға және зорлау мен аазаптаудың барлық түрлеріне нүкте қою.
Ұлттық және халықаралық деңгейлерде құқық үстемдігіне жәрдемдесу және барлығын әділ сотқа тең қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
2030 жылға дейін заңсыз қаржылық ағындар мен қару-жарақ ағындарын едәуір азайту, ұрланған активтерді табу және қайтару бойынша қызметті жандандыру және ұйымдасқан қылмыстың барлық түрлерімен күрес жүргізу.
Жемқорлық және парақорлықтың барлық нысандарының ауқымын айтарлықтай азайту.
Барлық деңгейде тиімді, есеп беретін және таза мекемелерді құру.
Барлық деңгейде қоғамның бүкіл қабаттарының қатысуымен репрезентативті органдардың жауапты шешім қабылдауын қамтамасыз ету.
Ғаламдық реттеу органдарының қызметіне дамушы елдердің қатысуын кеңейту және жандандыру.
2030 жылға дейін барлық адамдарда туу туралы куәлікті қосқанда заңды жеке куәліктің болуын қамтамасыз ету.
Ұлттық заңнамаға және халықаралық келісімдерге сәйкес ақпаратқа деген қоғамның қолжетімділігін қорғау және негізгі бостандықтарды қорғау.
Зорлықты тоқтату және лаңкестік пен қылмыспен күресу ісіндегі – негізінен, дамушы елдердің әлеуетін барлық деңгейлерде өсіру мақсатында ұлттық сәйкес мекемелерді халықаралық ынтымақтастық көмегімен күшейту.
Тұрақты даму мүддесіндегі кемсітпейтін заңдар мен саясатты мадақтау және жүзеге асыру.
Студенттер саны өсіп келеді, білім беру бағдарламаларына жасанды интеллект енгізілуде, университет жұмыс берушілермен байланысын күшейтіп, талапкерлерге қойылатын талаптарды арттыруда. Жоғары білім қызметкерлері күні қарсаңында Baitursynuly...
Baitursynuly University-не екінші жыл қатарынан Түркияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Uludağ University профессоры Abdullah Karasu келді.
Abdullah Karasu – өсімдік шаруашылығы саласының білікті маманы.
Биылғы академиялық...
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Жаңа Конституция: болашаққа көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында университеттің оқытушылары мен қызметкерлері алдағы конституциялық өзгерістердің...
ҚР Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚӨУ әскери кафедрасының түлектері салтанатты түрде ант қабылдады.
189 студент ел алдында серт берді: оның 108-і болашақ запастағы офицерлер болса, 81-і – сержанттар. Санаулы күндерден соң олар оқуын...