Мақсат 16: Тұрақты даму мүдделерінде бейбіт және ашық қоғамның құрылуына жәрдемдесу, барлығы үшін сот әділдігіне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беруге міндетті және кең қатысуға негізделген мекемелерді құру
Тапсырмалар:
Зорлықтың барлық нысанының таралуын айтарлықтай азайту және осыдан пайда болатын өлімнің бүкіл әлемдегі көрсеткіштерін төмендету.
Балаларға қатысты қорлық көрсетуге, оларды пайдалануға, саудаға салуға және зорлау мен аазаптаудың барлық түрлеріне нүкте қою.
Ұлттық және халықаралық деңгейлерде құқық үстемдігіне жәрдемдесу және барлығын әділ сотқа тең қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
2030 жылға дейін заңсыз қаржылық ағындар мен қару-жарақ ағындарын едәуір азайту, ұрланған активтерді табу және қайтару бойынша қызметті жандандыру және ұйымдасқан қылмыстың барлық түрлерімен күрес жүргізу.
Жемқорлық және парақорлықтың барлық нысандарының ауқымын айтарлықтай азайту.
Барлық деңгейде тиімді, есеп беретін және таза мекемелерді құру.
Барлық деңгейде қоғамның бүкіл қабаттарының қатысуымен репрезентативті органдардың жауапты шешім қабылдауын қамтамасыз ету.
Ғаламдық реттеу органдарының қызметіне дамушы елдердің қатысуын кеңейту және жандандыру.
2030 жылға дейін барлық адамдарда туу туралы куәлікті қосқанда заңды жеке куәліктің болуын қамтамасыз ету.
Ұлттық заңнамаға және халықаралық келісімдерге сәйкес ақпаратқа деген қоғамның қолжетімділігін қорғау және негізгі бостандықтарды қорғау.
Зорлықты тоқтату және лаңкестік пен қылмыспен күресу ісіндегі – негізінен, дамушы елдердің әлеуетін барлық деңгейлерде өсіру мақсатында ұлттық сәйкес мекемелерді халықаралық ынтымақтастық көмегімен күшейту.
Тұрақты даму мүддесіндегі кемсітпейтін заңдар мен саясатты мадақтау және жүзеге асыру.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де «Гуманитарлық ғылымдар және жасанды интеллект: болашақ диалогы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Қатысушылар технология мен қоғамның өзара ықпалына қатысты өзекті мәселелерді...
ҚӨУ педагогикалық институтында «ҚР Жаңа Конституциясы: болашақ ұрпақ үшін маңызы» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиынға қатысқан институт оқытушылары еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер жобасын қызу талқыға салды.
ҚӨУ экономика және...
ҚӨУ педагогикалық институтында «Конституция және азамат: қарапайым тілмен» атты еркін форматтағы дәріс өтті.
Студенттерге арналған бұл тағылымды кездесуді заң ғылымдарының магистрі, ҚӨУ қылмыстық және азаматтық құқық және процесс...
Baitursynuly University-дің Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының мамандары университет кампусындағы кедергісіз ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізуде.
Теңдік, әртүрлілік және инклюзия (EDI) саясатын іске асыру университет...