Мақсат 10: Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті қысқарту

Тапсырмалар:

  • 2030 жылға қарай халықтың ең аз қамтылған 40 пайызының табыс өсімін біртіндеп ел бойынша орташадан жоғары деңгейге жеткізу және ұстап тұру.
  • 2030 жылға қарай барлық адамдардың жасына, жынысына, мүгедектігіне, ұлтына, этникалықшығутегіне, шығутегіне, дініне және экономикалық немесе басқа мәртебесіне қарамастан әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге белсенді араласуын заңнамалық жолмен қолдау және көтермелеу.
  • Тиісті саясатты, әсіресе бюджеттік-салықтық саясатты және еңбекақы мен әлеуметтік қорғау мәселелеріндегі саясатты қабылдау және біртіндеп көбірек теңдікті қамтамасыз етуге ұмтылу.
  • Ғаламдық қаржылық нарықтарды және мекемелерді реттеу және мониторингілеу әдістерін жетілдіру және мұндай әдістерді неғұрлым жүйелі қолдану.
  • Ғаламдық халықаралық экономикалық және қаржылық мекемелерді неғұрлым тиімді, беделді, есепті және заңды ету мақсатында олардағы шешім қабылдау үдерістеріндегі дамушы елдердің басым өкілділігін және басым дауыс беру құқығын қамтамасыз ету.
  • Адамдардың реттелген, қауіпсіз, заңды және жауапты болуына көші-қоны мен жұмылғыштығы атап айтқанда жоспарланған және ақылға салынған көші-қон саясатын жүргізу көмегімен жәрдемдесу.
  • Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдеріне сәйкес дамушы, әсіресе ең аз дамыған елдер үшін айрықша және сараланған тәртіп қағидатын жүргізу.
  • Дамыту мақсатында ресми көмекті және қаржы ағынын, соның ішінде тікелей шетел инвестицияларын неғұрлым мұқтаж мемлекеттерге, әсіресе ең аз дамыған елдерге, африка елдеріне, шағын аралдағы дамушы елдерге және олардың ұлттық жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге бөлуді көтермелеу.
  • 2030 жылға қарай мигранттардың ақшалай қаражаттарды аударуымен байланысты операциялық шығындарын аудару сомасынан кем дегенде 3 пайызға дейін қысқарту және бұл шығындар 5 пайыздан асатын ақша аудару арналарын жою.

Жаңалықтар

ҚӨУ командасы – HackAlem AI күміс жүлдегері

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің абыройын асқақтатқан Андрей Унру халықаралық HackAlem AI 2026 хакатонының «Қаржы» бағыты бойынша екінші орынды иеленді. Ол UNRU AI командасымен бірге қаржылық аударымдарды...

Шекара асып... Студенттеріміз Қытайда білімін шыңдады

Baitursynuly University-ге Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің (NWAFU, ҚХР) профессоры Shan Weixing мен әріптестері Li Jinyang және Shan Guoxing іссапармен келді. Екі оқу орны арасындағы әріптестік меморандум аясынан...

Археологтар күніне тарту – тың жаңалықтар мен жаңа рекорд

Қазақстан-Ресей бірлескен экспедициясы Қостанай облысынан қола дәуіріне жататын жаңа бекіністі қоныстарды анықтады. 2026 жылғы далалық маусымда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары Челябі мемлекеттік университеті...

Yunnan University тәжірибесі

Baitursynuly University ғалымдары ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардағы саркоцистозды диагностикалау әдістерін жетілдіруге арналған ғылыми жобалар аясында Қытайдың Куньмин қаласындағы Yunnan University университетінде ғылыми тағылымдамадан...
Барлық жаңалықтар