Табулденов Алибек Нурмагамбетович, тарих ғылымдарының кандидаты

Тағылымдама бағыты: Демография

Шетелдік ұйымның атауы: Польша ғылым академиясының Славистика институты (Варшава қ., Польша)

Ғылыми тағылымдаманың тақырыбы: ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы Қазақстандағы поляк халқының тарихы

Тағылымдамадан өту мерзімі: 01.04.2025-30.06.2025 ж. 

Тағылымдама өткен уақытта бекітілген бағдарламаға сәйкес берілген барлық тапсырмалар орындалды. Ғылыми тағылымдаманың жетекшілерімен, Славистика Институтының басшылығымен кездесулер жүзеге асырылды.

Мұның сыртында, Әлібек Нұрмағамбетұлы Славистика Институтының кітапханаларында тақырып бойынша ғылыми әдебиеттермен маңызды жұмыстар жүргізді.

Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша Archiwum Akt Nowych, "KARTA орталығы" архив қорында (Варшава) архивтік құжаттармен жұмыс істеді.

Әлібек Табулденов 21 мамырда "Солтүстік Қазақстан өңіріне польшалық арнайы жер аударылғандар: саны, тарату, тұрғындар құрылымы, жұмыспен қамтылуы, білім деңгейі" тақырыбына онлайн -форматта халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Польша ғылым академиясының, Варшава университетінің және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары қатысты.

Ғылыми тағылымдама шеңберінде Польшаның белгілі ғалымдарымен-- Польша ғылым академиясының, Варшава университеті Шығыстану факультетінің, Белосток мемлекеттік университетінің тарихшы, этнолог, мәдениеттанушы, әдебиетші және әлеуметтанушы ғалымдарымен, Ю.Центр, Мерошевский, Пилецкий институтының, Сібір жады музейінің ғылыми қызметкерлерімен кездесулер, консультациялар өткізілді.

Кездесулер нәтижесі бойынша оқу және ғылыми әріптестік перспективалары анықталды.

Қабылдау комиссиясы