Здравствуйте! Есть ли шанс получить грант на Президентскую стипендию магистранту 2 курса или присуждают стипендию только студентам бакалавриата? заявление уже подала в феврале.
Куанышбаев Сеитбек Бекенович
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы




Өтініштер:
2025 жылғы мәлімет бойынша, B013 Биология мұғалімдерін даярлау мамандығында жалпы гранттың ең төменгі өту балы 99 балл, арнайы грант бойынша 86 балл, ауылдық квота бойынша 92 балл, ал ауылдық квотадағы арнайы грант бойынша 80 балл болды. B012 Химия мұғалімдерін даярлау мамандығында жалпы гранттың ең төменгі өту балы 101 балл, арнайы грант бойынша 86 балл, ауылдық квота бойынша 93 балл, ал ауылдық квотадағы арнайы грант бойынша 79 балл болды. Дегенмен, гранттың өту балы жыл сайын талапкерлер саны мен олардың нәтижелеріне байланысты өзгеретінін ескеру қажет. Сондықтан биылғы конкурс қорытындысы бойынша өту балы жоғары да, төмен де болуы мүмкін.
Егер Сіз бұрын университетте оқып, кейін оқудан шыққан болсаңыз, алдымен деканат арқылы оқуды қайта қалпына келу мүмкіндігін қарастырғаныңыз жөн. Егер бұл мүмкіндік болмаса, онда B020 Арнайы педагогика (логопед, дефектолог) білім беру бағдарламасына түсу үшін ҰБТ тапсыруыңыз қажет. Аталған бағдарлама бойынша ҰБТ-ның бейіндік пәндері биология және география. Грант конкурсына қатысу және ақылы бөлімге түсу үшін шекті балл 75.
В соответствии с правилами проведения единого национального тестирования, утверждёнными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 204, единое национальное тестирование (ЕНТ) является основным способом оценки знаний лиц, поступающих в высшие учебные заведения Республики Казахстан.
Исключение составляют выпускники колледжей, имеющие техническое и профессиональное или послесреднее образование. При поступлении на родственную специальность по сокращённой программе обучения они могут быть зачислены на платное обучение по результатам вступительного экзамена вуза без сдачи ЕНТ.
Университетте педагогикалық және құқық мамандықтарына шекті балл 75, ал қалған мамандықтарға – 50 балл. Алайда сұрағыңызға нақты жауап беру үшін ҰБТ-да тапсырған бейіндік пәндеріңізді көрсетуіңіз қажет.
Колледжде бітірген мамандығыңыздың классификатор бойынша қай мамандыққа туыстас екенін анықтау үшін дипломыңызды қабылдау бөлімінің нөміріне жіберуіңізді сұраймыз. Сол кезде нақты қандай мамандықтарға, соның ішінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе «Тарих» мамандықтарына түсе алатыныңызды тексеріп, толық ақпарат бере аламыз. Егер туыстас мамандық анықталса, әзірше ақылы бөлімге ҰБТ тапсырмай-ақ түсу мүмкіндігіңіз бар. Жылдық оқу ақысы 549 000 теңгені құрайды. Төлемді бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Республикалық гранттан айырмашылығы педагогикалық квота тек университтерге педагогикалық мамандықтар топтарына бөлінеді. Бұл гранттар нақты жоғары оқу орындарына берілетіндіктен, талапкерлер жеке конкурс бойынша қатысады. Біздің университетке педагогикалық квота бөлінгендіктен, бізді таңдасаңыз Сіз конкурсқа автоматты түрде қатыса аласыз.
2025 жылғы мәлімет бойынша B016 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығына гранттың ең төменгі өту балы жалпы грант бойынша – 122 балды, арнайы грант бойынша – 113 балды, ал ауылдық квота бойынша – 115 балды құрады. Ал B037 «Филология» мамандығы бойынша жалпы гранттың ең төменгі өту балы 122 бал болды. Сондықтан 83 баллмен грантқа түсу мүмкіндігі сұрақ тудырады. Дегенмен, балыңыз шекті баллдан асқандықтан, конкурсқа құжат тапсыра аласыз. Егер биыл талапкерлердің саны мен нәтижелері өзгерсе, өту балы да өзгеруі мүмкін.
Если я наберу 50 баллов меня сразу могут принять на платную основу если я не прошла на грант?
По образовательной программе В047 «Маркетинг и реклама» в 2026 году выделено всего 200 грантов, а в прошлом году минимальный проходной балл на грант составил 114 баллов. Если на грант пройти не получится, при наличии 50 и более баллов Вы сможете поступить на платное отделение.
Жалпы толық оқу нысаны бойынша 2025 жылы 152 грант, ал 2026 жылы 200 грант бөлінген. Алайда 6В042 Құқық мамандығы бойынша ішкі гранттар қарастырылмаған.
Қабылдау комиссиясы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жұмыс істейді.
Бакалавриатқа түсу үшін келесі құжаттар қажет:
* Диплом немесе аттестат және қосымшасы (түпнұсқа, көшірме және PDF форматында);
* Жеке куәліктің 2 көшірмесі (қағаз және PDF форматында);
* 3×4 көлеміндегі 6 фотосурет;
* 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
* 065/у (063/у) нысанындағы екпе картасының көшірмесі;
* ҰБТ сертификаты (бар болған жағдайда);
* Басқа ЖОО-да тапсырылған шығармашылық немесе арнайы емтихан ведомосынан үзінді көшірме (бар болса);
* Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (бар болса);
* Тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда растайтын құжат;
* Квота, жеңілдік немесе басым құқықты растайтын құжаттар (бар болса); * Ер азаматтар үшін әскери билет көшірмесі (бар болса).
1жыл жумыс жасап стаж бар
убт сыз окуга каблдайсыздарма
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №134 бұйрығына сәйкес, колледж бітіргеннен кейін жоғары оқу орнына туыстас мамандық бойынша қысқартылған оқу мерзімімен түсуге болады. Колледжде бітірген мамандығыңыздың классификатор бойынша қай мамандыққа туыстас екенін анықтау үшін дипломыңызды қабылдау бөлімінің нөміріне жіберсеңіз, нақты қандай мамандықтарға түсе алатыныңызды тексеріп, ақпарат бере аламыз. Егер туыстас мамандық анықталған жағдайда, ақылы бөлімге ҰБТ тапсырмай-ақ түсу мүмкіндігіңіз бар.