Құқықтану мамандығы бойынша көп балалы отбасынан шыққан талапкер грантқа түсе алады ма?
Куанышбаев Сеитбек Бекенович
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Өтініштер:
Бейсекеева Самал
23-06-2026
Мен колледж дипломын 29 маусым аламын. Грантқа оқуға түсу үшін ұбт қай уақытта тапсыра аламын? Немесе қандай емтихан тапсыру керек?
Жауабы
24-06-2026
Сәлеметсіз бе, республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға өтініштер шілде айының 13-20 аралығында қабылданады. "Педагогикалық ғылымдар" білім беру салалары бойынша оқуға қабылдану бойынша арнаулы емтихан тапсыруыңыз қажет. Арнаулы емтихан дүйсенбі-жұма 9:00-18:00 офлайн форматта өткізіледі.
Кириллов Никита
22-06-2026
Здравствуйте! Какой вступительный балл для поступления на бюджет на журналистику? И дает ли какое-то преимущество грамота о волонтёрской деятельности?
Жауабы
23-06-2026
Здравствуйте, согласно правилам приема, для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования за счет средств республиканского бюджета или местного бюджета допускаются лица, прошедшие ЕНТ и набравшие по его результатам не менее 50 баллов, при этом по Истории Казахстана и двум профильным предметам ЕНТ необходимо набрать не менее 5-ти баллов, а предметам Грамотности чтения и Математической грамотности не менее 3-х баллов.
Бектұрған Жаннұр
22-06-2026
Сәлеметсіз бе! Менің ҰБТ нәтижем – 70 балл. Педагогикалық квота бойынша "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығына түсу мүмкін бе? арнаулы тест бар
Жауабы
24-06-2026
Сәлеметсіз бе, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 4 тармағына сәйкес "Педагогикалық ғылымдар" бағыты бойынша оқуға түсу үшін ҰБТ сертификатында кемінде 75 балл болуы керек. Сіз тамыз айында ҰБТ тапсыра аласыз, тіркелу 25 шілде мен 5 тамыз аралығы.
Намазбай Диана
22-06-2026
Сәлеметсіз бе сіздерден арнаулы емтихан тапсырып көрейін деп едім онлайн форматта тапсыруға болады ма
Жауабы
23-06-2026
Сәлеметсіз бе, арнаулы емтихан дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-18:00 өткізіледі. Мекен-жайымыз: Тәуелсіздік, 118. Г-203 дәрісханасы.
Мухитова Аида
22-06-2026
Сәлеметсіз бе! Мен дене шынықтыру мамандығына құжат тапсыру туралы ақпарат алғым келеді. ҰБТ нәтижем – 30/16 балл, енді шығармашылық емтихан (норматив) тапсырамын. Ақылы немесе грантқа түсу мүмкіндігі туралы айтып жіберсеңіздер. Рақмет!
Жауабы
23-06-2026
Сәлеметсіз бе, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 4 тармағына сәйкес "Педагогикалық ғылымдар" бағыты бойынша оқуға түсу үшін ҰБТ сертификатында кемінде 75 балл болуы керек. Сіз тамыз айында ҰБТ тапсыра аласыз, тіркелу 25 шілде мен 5 тамыз аралығы.
Сыйлаған Мөлдір
22-06-2026
Сәлеметсізбе. Менің ҰБТ балым 50 таңдау пәнім джт-құқық АСТАНА ТҰРАНҒА тапсыруға болама (қандас,ата-анасы жоқ) осындай квоталар бар немесе басқа универлерге өтініш берсем болама өтініш айта аласызба.
Жауабы
23-06-2026
Сәлеметсіз бе, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіне дұниежүзі тарих пен құқық негіздері бейінді пәндері бар білім беру бағдарламаларына қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі 75 баллдан төмен болмауы керек.
Зарина
22-06-2026
Сәлеметсізбе Мен колледжден кейін бастауышқа білім беру мамандығын оқып бітірдім енді универде осы мамандықты қандай мамандықтарға жалғастыра аламын?
Жауабы
23-06-2026
Сәлеметсіз бе, сұраққа нақты жауап алу үшін 87751550400 нөмеріне хабарласыңыз.
Дроздов Даниил Николаевич
21-06-2026
Здравствуйте я обучаюсь на 1 курсе инженерной геологии в ТИУ. Планирую перевод в КРУ. У меня экскурсионная практика проходит до середины лета. Возможно ли оформить перевод до её завершения, и будет ли практика зачтена или включена в академическую разницу?
Жауабы
22-06-2026
Здравствуйте! Переводы осуществляются в период летних каникул и завершаются не позднее 5 дней до начала семестра. Вы успеете завершить свою практику и перевестись к нам в университете до 20 августа.
Түркменбай Альбина
20-06-2026
Бастауыш сынып мұғаліміне оқуға түсу үшін арнаулы емтиханнан өту керек. Сіздің универдің емтиханын тапсыруға өтініш білдіріп жатырмын. Консультацияда осы универдің емтихан қортындысы кез-келген универге өтеді деп еді.
Жауабы
22-06-2026
Сәлеметсіз бе, арнаулы емтихан дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-18:00 өткізіледі. Мекен-жайымыз: Тәуелсіздік, 118. Г-203 дәрісханасы.
Баянасова Дания
20-06-2026
Педке түсуге арналған арнаулы тестті тапсыруға өтініш қалдырып отырмынн
Жауабы
22-06-2026
Сәлеметсіз бе, арнаулы емтихан дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-18:00 өткізіледі. Мекен-жайымыз: Тәуелсіздік, 118. Г-203 дәрісханасы.
Өтініштер:
Мен дене шынықтыру мамандығына құжат тапсыру туралы ақпарат алғым келеді.
ҰБТ нәтижем – 30/16 балл, енді шығармашылық емтихан (норматив) тапсырамын.
Ақылы немесе грантқа түсу мүмкіндігі туралы айтып жіберсеңіздер. Рақмет!
Мен колледжден кейін бастауышқа білім беру мамандығын оқып бітірдім енді универде осы мамандықты қандай мамандықтарға жалғастыра аламын?