Сәлеметсіз бе ?Мен мед колледжден кейін универге түсу жайлы сұрайын деп едім ?Не істейміз ұбтдан 5пән тапсырамыз ба рақмет
Куанышбаев Сеитбек Бекенович
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы




Өтініштер:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығына сәйкес мерзімді әскери қызметтен өткен Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметін аяқтағаннан кейін екі жыл ішінде жоғары оқу орнына ақылы негізде ҰБТ нәтижесінсіз түсе алады. Оқуға қабылдау жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
Предварительно, если Вы окончили Рудненский социально-гуманитарный колледж и в правилах приема не будет изменений, то можете поступить на сокращенную форму обучения сроком на 3 года по специальности B001 Педагогика и психология в очной форме. Также доступна специальность B002 Дошкольное обучение и воспитание в формате дуального обучения, если работаете по специальности. Для получения точного ответа необходимо обратиться с дипломом по адресу: Тауелсиздик, 118. Специалисты смогут проверить документы по классификатору и уточнить все условия поступления.
2025 жылғы мәлімет бойынша, B013 Биология мұғалімдерін даярлау мамандығында жалпы гранттың ең төменгі өту балы 99 балл, арнайы грант бойынша 86 балл, ауылдық квота бойынша 92 балл, ал ауылдық квотадағы арнайы грант бойынша 80 балл болды. B012 Химия мұғалімдерін даярлау мамандығында жалпы гранттың ең төменгі өту балы 101 балл, арнайы грант бойынша 86 балл, ауылдық квота бойынша 93 балл, ал ауылдық квотадағы арнайы грант бойынша 79 балл болды. Дегенмен, гранттың өту балы жыл сайын талапкерлер саны мен олардың нәтижелеріне байланысты өзгеретінін ескеру қажет. Сондықтан биылғы конкурс қорытындысы бойынша өту балы жоғары да, төмен де болуы мүмкін.
Егер Сіз бұрын университетте оқып, кейін оқудан шыққан болсаңыз, алдымен деканат арқылы оқуды қайта қалпына келу мүмкіндігін қарастырғаныңыз жөн. Егер бұл мүмкіндік болмаса, онда B020 Арнайы педагогика (логопед, дефектолог) білім беру бағдарламасына түсу үшін ҰБТ тапсыруыңыз қажет. Аталған бағдарлама бойынша ҰБТ-ның бейіндік пәндері биология және география. Грант конкурсына қатысу және ақылы бөлімге түсу үшін шекті балл 75.
В соответствии с правилами проведения единого национального тестирования, утверждёнными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 мая 2017 года № 204, единое национальное тестирование (ЕНТ) является основным способом оценки знаний лиц, поступающих в высшие учебные заведения Республики Казахстан.
Исключение составляют выпускники колледжей, имеющие техническое и профессиональное или послесреднее образование. При поступлении на родственную специальность по сокращённой программе обучения они могут быть зачислены на платное обучение по результатам вступительного экзамена вуза без сдачи ЕНТ.
Университетте педагогикалық және құқық мамандықтарына шекті балл 75, ал қалған мамандықтарға – 50 балл. Алайда сұрағыңызға нақты жауап беру үшін ҰБТ-да тапсырған бейіндік пәндеріңізді көрсетуіңіз қажет.
Колледжде бітірген мамандығыңыздың классификатор бойынша қай мамандыққа туыстас екенін анықтау үшін дипломыңызды қабылдау бөлімінің нөміріне жіберуіңізді сұраймыз. Сол кезде нақты қандай мамандықтарға, соның ішінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе «Тарих» мамандықтарына түсе алатыныңызды тексеріп, толық ақпарат бере аламыз. Егер туыстас мамандық анықталса, әзірше ақылы бөлімге ҰБТ тапсырмай-ақ түсу мүмкіндігіңіз бар. Жылдық оқу ақысы 549 000 теңгені құрайды. Төлемді бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Республикалық гранттан айырмашылығы педагогикалық квота тек университтерге педагогикалық мамандықтар топтарына бөлінеді. Бұл гранттар нақты жоғары оқу орындарына берілетіндіктен, талапкерлер жеке конкурс бойынша қатысады. Біздің университетке педагогикалық квота бөлінгендіктен, бізді таңдасаңыз Сіз конкурсқа автоматты түрде қатыса аласыз.
2025 жылғы мәлімет бойынша B016 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығына гранттың ең төменгі өту балы жалпы грант бойынша – 122 балды, арнайы грант бойынша – 113 балды, ал ауылдық квота бойынша – 115 балды құрады. Ал B037 «Филология» мамандығы бойынша жалпы гранттың ең төменгі өту балы 122 бал болды. Сондықтан 83 баллмен грантқа түсу мүмкіндігі сұрақ тудырады. Дегенмен, балыңыз шекті баллдан асқандықтан, конкурсқа құжат тапсыра аласыз. Егер биыл талапкерлердің саны мен нәтижелері өзгерсе, өту балы да өзгеруі мүмкін.