А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Өтініштер:
Ботакөз
13-07-2024
ҰБТдан 80алып, пед квота бөлінген университетке,мысалы абай университетін жазсам болады ма? грант конкурсна құжат тапсырған кезде пед квота үшін не тапсыру қажет? или автоматты түрде ма?
Жауабы
15-07-2024
Сәлеметсіз бе! Болады. Бірақ кейбір университеттердің өздерінің қойған шекті балдары болады. Грант конкурсына қажет құжаттарды тапсырасыз. Пед квота жалпы гранттардың ішінде болады.
Оразбаев Нұртай Сапабекұлы
13-07-2024
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық тестті өтейін десем, пустой страница болып тұрады, ал қалған мамандықтарда тестті өту деп, бәрі істеп тұр
Жауабы
15-07-2024
Сәлеметсіз бе! Бүгін арнайы емтихан тапсыруға база ашылды.
Қаламғали Асылай
11-07-2024
Педагогикалық тестті онлайн өткім келеді бірақ қалай тесттен өтетінімді білмей тұрмын
Басқа қалаға ағылшын пәні нен қандай құжат откізу қажет.
Жауабы
12-07-2024
Сәлеметсіз бе, жеке куәлік; ҰБТ сертификаты; 3х4 көлеміндегі фото; орта білім туралы аттестат (колледж түлектері үшін диплом); жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.
Мунсизбаева Құралай
10-07-2024
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық квота деген не және оны қалай алуға болады екенін айта аласыз ба? Және 92 балл қазақ тілі мен әдебиет пәндері арқылы грантқа түсу мүмкіндігі бар ма?
Жауабы
12-07-2024
Сәлеметсіз бе, педагогикадық квота - педагогикалық мамандықтары бар университеттерге бөлінетін грант түрі. Педагогикалық мамандықтарға шекті балл - 75.
Анита
10-07-2024
Сәлеметсіз бе, мен ҰБТ грантында 85 балл жинадым. Мен бизнес және менеджмент бойынша грантқа өтініш бере аламын ба? арнайы пәндер: география, математика.
Жауабы
12-07-2024
Cәлеметсіз бе, білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша шекті балл жиғаған адамдар жіберіледі.
Жанысбек Нұрай
09-07-2024
Пед квота жайлы ақпарат
Жауабы
10-07-2024
Сәлеметсіз бе! Пед. квота - педагогикалық мамандықтары бар университеттерге бөлінетін грант түрі. Педагогикалық мамандықтарға шекті балл - 75. Қосымша ақпарат алу үшін +77751434142 нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады.
Айым
09-07-2024
Мен ұбт-дан 73 балл жинап қалдым, қызыл аттестатқа бітіргем, ауылда көп балалы отбасы қайда грантқа түсуге болады? Медицинаға немесе педагогика мамандықтарына грантқа қалай түссе болады?
Жауабы
10-07-2024
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық мамандықтарға шекті балл - 75. Егер Сіз төтенше жағдай енгізілген аймақтардан болсаңыз және қаңтар мен наурыз ҰБТ-ларында жоғары балл алсаңыз, сол сертификатты қолданып гарнт конкурсына қатыса аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін +77751434142 нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады.
Мақсұт Фариза
09-07-2024
Педагогикалық тест тапсыру
Жауабы
09-07-2024
Арнаулы емтихан бойынша сұрақтарыңызды 87751550400 нөмеріне хабарласып қоя беруіңізге болады.
Өтініштер: