А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Өтініштер:
Рамазанқызы Мерей
01-07-2025
Психосоматикалық және пед.тестті сіздерден онлайн тапсырсам, ол Қазақстанның барлық университеттеріне действовать ете бере ме?
Жауабы
02-07-2025
Сәлеметсіз бе, иә, жарамды.
Мурадали арай
01-07-2025
62 бал грантқа түсе аламынба педагогический екі шет тілі
Жауабы
02-07-2025
Сәлеметсіз бе, республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін ҰБТ шекті балы 75 балл болып саналады.
Рамазанқызы Мерей
01-07-2025
Педагогикаға және жалпы ЖОО-ға түсу үшін қандай құжаттар керек? Байтұрсынов университетіне түсу үшін арнайы құжаттар тапсырылу керек пе?
Сәлеметсіз бе! ҰБТ тапсырып, шекті балл жинасаңыз, конкурсқа қатыса аласыз. Бұл конкурс болғаннан кейін, бөлінетін грант саны мен берілетін өтініш санына байланысты болады. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін мемлекеттік тапсырыстың 5 пайызы бөлінеді.
Тұңғышбек Айжан Еркінқызы
30-06-2025
ПСИХОТЕСТ ТАПСЫРУ
Жауабы
30-06-2025
Сәлеметсіз бе! Емтихан онлайн форматта https://spec-exam.ksu.edu.kz/ өткізіледі. Арнаулы емтихан онлайн форматте дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін. Арнаулы емтиханды бағалау 24 сағат ішінде жүзеге асырылады. Нәтижесі жеке кабинетіңізде қолжетімді болады.
Тұрсынхан Аяулым Бердиханқызы
30-06-2025
Математика-физика мұғаліміне қанша баллмен грантқа түсуге болады
Жауабы
30-06-2025
Сәлеметсіз бе, бұл конкурс болғаннан кейін, бөлінетін грант саны мен берілетін өтініш санына байланысты болады.
Құдайберген Нүркен Төлебайұлы
30-06-2025
Дене шынықтыру мамандығы бойынша педтест тапсырайын деген едім
Жауабы
30-06-2025
Сәлеметсіз бе "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы шығармашылық болғаннан кейін, арнаулы емтихан тапсырудың қажеті жоқ.
Санжар
30-06-2025
Педогогикалық арнайы емтиханды өтуге кірсек тек 1 сұрақ шығып тұр және аяқтау батырмасы ғана уақыт өтуде не істейміз!!!
Жауабы
30-06-2025
Сәлеметсіз бе, бір педагогикалық жағдаятты шешуіңіз керек, Қайтадан тапсыруыңызға болады.
Сагинтаева Аяжан
29-06-2025
Саламатсыз ба мен Сагинтаева Аяжан 2025 жылдың түлегімін және де педагогикалық тест бойынша сұрайын деп едім оны сағат 9:00 бастап 18:00 аяқтауымыз керек па себебі сілтеме арқылы бассам ешнәрсе шықпай жатыр
Жауабы
30-06-2025
Сәлеметсіз бе! Емтихан онлайн форматта https://spec-exam.ksu.edu.kz/ өткізіледі. Арнаулы емтихан онлайн форматте дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін. Арнаулы емтиханды бағалау 24 сағат ішінде жүзеге асырылады. Нәтижесі жеке кабинетіңізде қолжетімді болады.
Өтініштер: