Колледж диплом мен қандай университетке түсуге болады
Куанышбаев Сеитбек Бекенович
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Өтініштер:
Аманбаева Ахмарал
21-04-2024
Мен математика пәніне грантқа тускім келеді
Жауабы
21-04-2024
Сәлеметсіз бе! 2024 жылдың 16 мамыры мен 05 шілдесі аралығында 2 мәрте ҰБТ тапсыра аласыз. Осы ҰБТ-ның сертификаттарының бірін қолданып, аталған жылдың 13-20 шілдесі аралығында ГРАНТ конкурсына өтініш беру керек. Өтінішті egov.kz сайтында онлайн немесе кез-келген университеттің қабылдау комиссиясына барып, оффлайн беруге болады.
Васильковская О.А.
07-04-2024
Добрый день. Имею два высших образования. Экология и Переработка полезных ископаемых. Дополнительно хочу получить юридическое образование. Какие условия поступления и обучения? Где узнать более подробную информацию. Спасибо заранее за ответ.
Жауабы
08-04-2024
Здравствуйте, прием лиц, имеющих высшее образование, осуществляется на платной основе. Прием заявлений на поступление с 20 июня по 20 августа т.г. Вступительные испытания - дополнительный экзамен, который будет проводится в онлайн формате на сайте университета в период с 1 июля по 20 августа 2024г. За более подробной информацией вы можете обратиться по номеру телефона 87751550400, 8 7142 542849.
Калин Али Арманович
02-04-2024
Здравствуйте, ранее обучался в корпусе КГПИ и окончил обучение в 2019 году, профессия: "Профессиональное обучение". Теперь мне нужна справка о том, что я действительно обучался у Вас и подтверждение о действительности диплома. Вопрос: кому звонить? и на какую почту скидывать заявление на получение данных справок?
Жауабы
02-04-2024
Здравствуйте! Запрос о факте завершения обучения и выдаче диплома заинтересованная организация может отправить на официальную почту университета info@ksu.edu.kz
Садық Жансая Кенжеғарақызы
26-03-2024
Сәлеметсіз бе! Мен қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша сұрайын дегем.Жалпы магистратура да грантқа түсу үшін қанша балл жинау керек, және платный оқу үшін жылына қанша төлеу керек. Жалпы Филология мамандығына қанша грант бөлінеді?
Жауабы
27-03-2024
Сәлеметсіз бе! Біздің университетте "М017 Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламасы бойынша магистратура жоқ. "М060 Филология" білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға грантқа немесе ақылы оқу түріне түсу үшін кешенді емтиханнан, ең кемінде 75 балл (шекті балл) жинау керек. 2023-2024 оқу жылы "М060 Филология" БББ оқуға түскен магистранттың ұпай саны - 80. Сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/510263?lang=ru.
132-ші бет. Грант саны жыл сайын өзгеріп отырады. 2023-2024 оқу жылы 1 курс магистранттары үшін ақылы түдрегі оқу сомасы жылына 620 100 тг құрды. 2024-2025 оқу жылының оқу сомасы, әзірге, бекітілген жоқ.
Нұржанов Дулат
21-03-2024
Математика мұғалімі бойынша сонгы грант иегерінің балы канша?
Жауабы
21-03-2024
Сәлеметсіз бе! Мақсатты грант бойынша шекті балл 2023-2024 оқу жылына - 86 балл, ауылдық квота бойынша - 75 балл.
Әшім Ару
16-03-2024
Серпін гранты туралы,пед квота жайында білгім келеді.Ол не?
Жауабы
18-03-2024
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық квота пен Серпін гранттары бұл түсу бағыттарына бөлінген мемлекеттік тапсырыстың (гранттардың) бір бөлігі. Олар жыл сайын университеттің белгілі бір мамандықтарына бөлінеді. Педагогикалық квота тек педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары, ал Серпін жобасы аясында педагогикалық бағытпен бірге техникалық білім беру бағдарламалары қарастырылған. «Серпін» бағдарламасы бойынша тегін білім алған студенттер оқу бітіргеннен кейін 2 жыл, ал педагогикалық квота бойынша - 3 жыл жұмыспен өтеу көзделген.
Рахматуллақызы Назерке
15-03-2024
пед квота қалай болады? Ауыл,Серпін секілді оның да өтемі барма жұмыс жасау керек деген секілді?
Жауабы
18-03-2024
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық квота тек педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары, ал Серпін жобасы аясында педагогикалық бағытпен бірге техникалық білім беру бағдарламалары қарастырылған. «Серпін» бағдарламасы бойынша тегін білім алған студенттер оқу бітіргеннен кейін 2 жыл, ал педагогикалық квота бойынша - 3 жыл жұмыспен өтеу көзделген.
Аубакирова Жайнар Жаксылыковна
22-02-2024
Сәлеметсіз бе, алдыңғы сұрағыма келесідей жауап алдым:"университеттегі оқу мерзімі әскери кафедрада оқуға байланысты емес". Осы сұрағыма жауап беруіңізді өтінемін, Колледжден кейін түстік оқуға оқу мерзімін 3 жылдан 2 жылға өзгертуге бола ма?
Жауабы
21-02-2024
Сәлеметсіз бе, университетке бірінші курсқа түсу кезінде белгіленген оқу мерзімі өзгермейді.
Аубакирова Жайнар Жаксылыковна
14-02-2024
Құрметті, Сейітбек Бекенұлы, менің екі ұлым құқықтану мамандығы бойынша 1 курс студенттері. Әскери кафедраны оқимыз деп 3 жылға оқуға түстік. Алайда, әскери кафедраны оқымайтын болдық. Енді 2 жылдық мерзімге оқуды ауыстыруға болады ма?. Колледжден кейін түсіп тұрмыз оқуға.
Жауабы
14-02-2024
Сәлеметсіз бе, университеттегі оқу мерзімі әскери кафедрада оқуға байланысты емес.
Тапеева Құндыз
09-02-2024
Осы жылы мектеп бітіретін едім пед қазақ тілі әдебиеті соған пед квотаның не екенін түсіндім келіп еді
Жауабы
11-02-2024
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық квота-бұл түсу бағыттарына бөлінген бюджеттік орындардың (гранттардың) жалпы санының бір бөлігі. Педагогикалық квота жыл сайын университеттің педагогикалық мамандықтарына бөлінеді. Сіз осы квота бойынша 13 шілдеден 20 шілдеге дейін жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға құжаттар тапсыра аласыз.
Өтініштер:
Мен қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша сұрайын дегем.Жалпы магистратура да грантқа түсу үшін қанша балл жинау керек, және платный оқу үшін жылына қанша төлеу керек. Жалпы Филология мамандығына қанша грант бөлінеді?
Осы сұрағыма жауап беруіңізді өтінемін, Колледжден кейін түстік оқуға оқу мерзімін 3 жылдан 2 жылға өзгертуге бола ма?