Колледж диплом мен қандай университетке түсуге болады
Куанышбаев Сеитбек Бекенович
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Өтініштер:
Клименко София Владимировна
15-01-2025
Хотела узнать, какая стипендия у учителей физической культуры
Жауабы
16-01-2025
Здравствуйте! У студентов педагогического направления, завершивших сессию на "хорошо" и "отлично", размер стипендии 75600 тенге, у "отличников" на 15% больше - 86940 тенге.
Қуанышбай Нұржан
14-01-2025
1 курста мамандық ауыстыру үшін Қаңтар Ұбт тапсыру керек екен. Мен тіркеліп үлгермей қалдым.Соны Нағыз Ұбт тапсыру арқылы ауыстыра аламба
Жауабы
15-01-2025
Сәлеметсіз бе, басқа мамандыққа ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері мен «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер – тамыз айында ҰБТ тапсырып, ауыса алады.
Рустам
26-12-2024
Здравствуйте, если у меня одна тройка и я мне нужно выйти на оценку 4, я могу получить направление на пересдачу или как-то иначе чтоб получать стипендию?
Жауабы
27-12-2024
Здравствуйте, положительные оценки не пересылаются. Студент имеет право на повторное изучение дисциплины в летнем семестре с целью повышения балла. Но на стипендию, которая назначается по результатам зимней сессии, это уже не повлияет.
Жұмахмет Гүлжайна
17-12-2024
Сәлеметсіз бе! Мен колледж студенті едім, соңғы курс. Логистика мамандығында оқимын. Енді бұйырса осы мамандықты жалғастырсам деп едім. Қазіргі таңда Кт(кешендік тестілеу) дегенді алып тастапты, Ұбт 70 баллдық тапсыру керек екен. Сол 70 баллдан қанша балл алсақ грантқа түсе аламын?
Жауабы
18-12-2024
Сәлеметсіз бе! Бізде логистика мамандығы жоқ, бірақ осы мамандық бойынша сіз университетке қысқартылған оқу нысаны бойынша келесі мамандықтарға түсе аласыз: Менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг. Грант өтініш саны мен бөлінетін грант санына байланысты болады. Қысқартылған ҰБТ тапсыратын колледж түлектері үшін шекті балл – 25 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауға тиіс. Бұл ретте әр жоғары оқу орны білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейтінін ескертеміз.
Жахсыбек Фариза
11-12-2024
Сәлеметсіз бе! Мен колледжде бастауыш мамандығында оқимын. Осы жылы оқу бітіремін . 2025 жыыл жоғары оқу орнына Психология мамандығына түскім келеді. Грантка түсу үшін қанадай пәндерден ұбт тапсырамын және ұбтқа қашан тіркелу қажет
Жауабы
12-12-2024
Сәлеметсіз бе. Егер сіз оқытудың қысқартылған нысанын таңдасаңыз, ҰБТ-ны Қазақстан тарихы мен психология незіздері пәндерінен тапсырасыз. Грант конкурсы қатысу үщін ҰБТ-ға тіркелу 28 сәуір мен 6 мамыр (1 мүмкіндік) және 7 мамыр мен 14 мамыр аралығында (2 мүмкіндік) өтініщ бересіз.
Оташева Салтанат
02-12-2024
Дд, Как связаться с отделом, который направляет официальные транскрипты выпускника другому университету
Жауабы
02-12-2024
Здравствуйте, официальные документы выпускников нужно запрашивать в архиве университета. Телефон 8-(7142)-51-13-68.
Вы можете сделать официальный запрос по e-mail университета info@ksu.edu.kz, указав ФИО выпускника и год выпуска.
Аружан
24-11-2024
Пед квотамен грантқа түсіп универ ауыстыруға болама? Ауысқым келетін универде пед квота бар
Жауабы
25-11-2024
Сәлеметсіз бе!
Жоқ, педквот гранты басқа университетке берілмейді.
Ильяс
18-11-2024
Сәлеметсіз бе! Менің сұрағым келгені қызыл диплом алу мүмкіндігі бойынша. Менің Gpa баллым 3.5 коэффициенттен асып тұрса және де ешқандай қайта тапсыру емтихандары, жазғы емтихан ға құламадым, бірақ та Қазақстан тарихы сабағының мемлекеттік емтиханынан төрт деген баға алып қорытынды бағам төрт болды, менің қызыл диплом алуға әлі де мүмкіндігім барма? Жауаптарыңызға рахмет!
Жауабы
19-11-2024
Сәлеметсіз бе!
Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын және үлгерімінің (GPA) орта балы 3,5-тен төмен емес кезінде оқу пәндері мен оқу қызметінің (қорытынды аттестациядан басқа) басқа түрлері бойынша А, А – "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ қорытынды аттестацияны А, А – "өте жақсы" деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
Бұл ретте оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді. Қазақстан тарихы пәнінен алған «жақсы» деген баға үздік дипломға кедергі болмайды.
Айгерим
18-11-2024
Сәлеметсіз бе. (Курсы педагогической переподготовки ) осы курс бойынша сұрақтарым бар. Өтініш қабылдау қай уақыттарда жүзеге асырылады, қазір тапсыру кеш пе? Мерзімі 5 ай деп оқыдым, оқу бағасы қанша және қандай құжаттар тапсырылуы керек? Толығырақ қайдан білсе болады?
Жауабы
19-11-2024
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық қайта даярлау курстары - мерзімі 5 ай, оқу бағасы - 355 000 тенге, курстарға түсуге арналған құжаттар - қосымшасы бар диплом, жеке куәлік - (сканерлеу нұсқасы), 075 анықтама, фото 3*4 - 2 дана! Толығырақ - 8 705 311 31 53
Арайлым Иманғали
13-11-2024
Колледжден кейін қалай ұбт тапсырамыз? Және қай уақыттарда?
Жауабы
14-11-2024
Сәлеметсіз бе! Орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініштерді келесі кезеңдерде бере алады: күнтізбелік жылғы 14 желтоқсан мен 24 желтоқсан аралығында, күнтізбелік жылғы 15 ақпан мен 25 ақпан аралығында, күнтізбелік жылғы 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында, күнтізбелік жылғы 7 мамыр мен 14 мамыр аралығында және күнтізбелік жылғы 20 шілде мен 30 шілде аралығында. Толық ақпарат алу үшін 8 7142 542849 телефон нөмеріне хабарласып біле аласыз.
Өтініштер:
Вы можете сделать официальный запрос по e-mail университета info@ksu.edu.kz, указав ФИО выпускника и год выпуска.
Менің Gpa баллым 3.5 коэффициенттен асып тұрса және де ешқандай қайта тапсыру емтихандары, жазғы емтихан ға құламадым, бірақ та Қазақстан тарихы сабағының мемлекеттік емтиханынан төрт деген баға алып қорытынды бағам төрт болды, менің қызыл диплом алуға әлі де мүмкіндігім барма? Жауаптарыңызға рахмет!
Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын және үлгерімінің (GPA) орта балы 3,5-тен төмен емес кезінде оқу пәндері мен оқу қызметінің (қорытынды аттестациядан басқа) басқа түрлері бойынша А, А – "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ қорытынды аттестацияны А, А – "өте жақсы" деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
Бұл ретте оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Қазақстан тарихы пәнінен алған «жақсы» деген баға үздік дипломға кедергі болмайды.