хочу поступить на учителя начальных классов, хотела поступить на высшее образование после колледжа
Куанышбаев Сеитбек Бекенович
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы




Өтініштер:
Сұрағыңызға нақты жауап беру үшін дипломыңызды 87078157822 нөміріне жіберуіңізді сұраймыз, Сізге міндетті түрде жауап береміз. Алдын ала ақпарат мамандығыңыз сәйкес келеді. Грантқа өтінімді 25 сәуірге дейін тапсырып үлгеруіңіз қажет.
Для точного ответа на ваш вопрос необходимо отправить диплом на номер 87078157822 - мы обязательно Вам ответим. Предварительно уточняем, что код вашей специальности должен быть 07161300 «Техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация автомобильного транспорта» либо квалификация — 4S07161304 «Техник-механик»
Жазған ақпаратыңызға сәйкес, алдын ала қысқартылған оқу түріне түсуге болады. Бірақ нақты жауап беру үшін дипломыңызды жіберуіңіз қажет, оны классификатор бойынша қарап сәйкестігін анықтап береміз. Сондай-ақ маңызды ескерту: грантқа түсу үшін ҰБТ-ға тіркелу 25.04.2026 күні аяқталады.
Қазақстанда психотест (психометриялық емтихан) негізінен медициналық жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлер үшін өткізіледі, ал педагогикалық мамандықтарға түсу үшін жоғары оқу орындарында да арнайы емтихан қарастырылған. Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқысы келетін талапкерлер үшін арнайы емтихан 20 маусым мен 20 шілде аралығында өткізіледі. Арнайы емтихан оффлайн форматта Тәуелсіздік 118 мекенжайы бойынша өтеді.
Иә, Құқық B049 бағыты бойынша грант қарастырылған. Жалпы 2025 жылы 152 грант бөлінген. 2025-2026 оқу жылына грантқа өту үшін минималды шекті балл 119 балл болды, бірақ бұл көрсеткіш жыл сайын өзгеріп отырады. Сондықтан нақты грантқа түсу мүмкіндігі биылғы шығатын конкурсқа байланысты анықталады.
Педагог санаты – бұл педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім, яғни бұл сіздің кәсіби деңгейіңізді растайтын құжат, міндетемейді, сондықтан оны тапсыру сізге ҰБТ тапсыруға немесе грантқа түсуге ешқандай шектеу қоймайды. Егер мамандығыңыздың классификатор бойынша қай мамандыққа туыстас екенін нақты білгіңіз келсе, құжаттарыңызды 87078157822 нөміріне жіберсеңіз, тексеріп беруге болады. Маңыздысы - грантқа қатысу үшін ҰБТ-ға осы 2026 жылдың 25 сәуіріне дейін өтінім беруіңіз қажет.
Пороговый балл ЕНТ для участия в конкурсе на грант или для зачисления на платное обучение составляет 50 баллов. Минимальный проходной балл на грант в 2025 году в общем конкурсе составил 81 балл, однако он может ежегодно меняться в зависимости от количества грантов и числа абитуриентов.
Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын және үлгерімінің (GPA) орта балы 3,5-тен төмен емес кезінде оқу пәндері мен оқу қызметінің (қорытынды аттестациядан басқа) басқа түрлері бойынша А, А – "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ қорытынды аттестацияны А, А – "өте жақсы" деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
Бұл ретте оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
№134 бұйрыққа сәйкес, колледж түлектері ЖОО-ға туыстас мамандық бойынша қысқартылған мерзіммен түсе алады. B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына қысқартылған түрде 2 немесе 3 жыл оқиды, ал түсу үшін профильді пәндер: "Педагогика мен психология негіздері" және "Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы" болып табылады. Жыл сайын шамамен осы мамандыққа жалпы 80 грант бөлінеді. Грантқа қатысу шекті баллы — 35, ал түсу үшін қажетті минималды баллы жыл сайын талапкерлер саны мен олардың жинаған балдарына байланысты өзгеріп отырады. Міндетті түрде ҰБТ-ға қатысуға өтінішті 10 сәуір – 25 сәуір аралығында беруіңіз қажет. Негізгі ҰБТ өткізу уақыты 16 мамыр – 7 шілде аралығында өтеді.