Қалай түсуге болады Колледжден кейін мамандығымды жалғырғым келеді мен түс аламын ба?
Куанышбаев Сеитбек Бекенович
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Өтініштер:
Аноним
12-04-2025
Салеметсіз бе Ауылшаруашылық(экология )мамандығына осы жылы неше грант және де грантқа түсуге қанша балл болу керек?
Жауабы
14-04-2025
Сәлеметсіз бе! Бөлінетін грант саны Ұлттық тестілеу орталығында мамыр-маусым айларында жарияланады. Бұл конкурс болғаннан кейін грантқа өтудің балы бөлінетін грант саны мен өтініш санына байланысты болады.
Кенжетай Садакбаевна
09-04-2025
Сіздерге ҰБТ сыз грантқа түсе аламынба?жасым 50де,2025ж жоғарғы медицина колледжін бітіремін
Жауабы
10-04-2025
Сәлеметсіз бе! Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін міндетті түрде ҰБТ нәтижелері керек болады.
Аноним
08-04-2025
Бастауыш мұғалім мамандығы осы университетте бар ма? Және бар болса,грант неше балл?
Жауабы
09-04-2025
Сәлеметсіз бе! Университетімізде “Бастауыш білім беру” бағдарламасы (мамандығы) бар. Білім беру грант конкурсына қатысу Сәлеметсіз бе! Грант конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның нәтижесіне сәйкес – кемінде 75 балл. Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет. Бұл конкурс болғаннан кейін грантқа өту балы өтініштер саны мен бөлінетін грант санына байланысты болады.
Аралбаева Үміт Серикбайқызы
07-04-2025
Үлкен оқу колледжден кейінгі
Жауабы
08-04-2025
Сәлеметсіз бе, колледжден кейін ұқсас бағыттағы білім беру бағдарламаларына ақылы бөлімге оқуға түсу үшін құжаттар маусымның 20-нан тамыздың 20-на дейін қабылданады. Білім беру грант конкурсына қатысу үшін немесе басқа бағыттарға түсетін жағдайда Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруыңыз қажет. Тестілеуге тіркелу 12 сәуірден басталады. Толық ақпарат алу үшін 87751550400 нөмеріне хабарласуыңызға болады.
Уалибек Толғанай
03-04-2025
джт англ мугалымдыкке ,пед квота Шымкент тұрғындары қатыса алады ма? қалай қатысады, әлде тек ауылдағыларға ғана ма? қанша жинау керек?
Жауабы
05-04-2025
Сәлеметсіз бе, иә, қатыса алады. Бұл конкурс өтініш саны мен бөлінген грант санына байланысты болады.
Алпыс М.С.
03-04-2025
Сәлеметсіздер, ме?! Педагогика және психология бойынша бакалаврмын, кәзір ауылдық өңірде мектепте жұмыс атқарамын, магистратураға ауылдық квотамен грантқа тапсырсам болады ма?
Жауабы
03-04-2025
Сәлеметсіз бе, ауыл квотасы магистратурада болмайды.
Уалибек Толғанай
02-04-2025
Мен шымкент қаласында оқимын(Шымкент қаласының тұрғынымын) , пед квотаға қатыса аламын ба ???? Наурыз ҰБТдан 84 балл , математикалық сауаттылықтан 4 балл алдым. Джт-англ , ағылшын мұғалімдігіне.Пед квотаға қатысу үшін не істеу керек?
Жауабы
03-04-2025
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық квотаға қатыса аласыз. Педагогикалық квота бойынша грант конкурсына қатысу үшін ағымдағы жылдың 13-20 шілде аралығында қабылдау комиссиясына келіп немесе онлайн "Электронды үкімет" порталы арқылы өтініш беруіңізге болады.
Жандос Т.
01-04-2025
Сәлеметсіз бе! https://md.ksu.edu.kz/ сайтында Университет сайтында курстық және дипломдық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар орыс тілінде ғана қолжетімді,қазақ тіліндегі нұсқаулықтар жоқ (сілтемесі бар, бірақ сілтеме жұмыс жасамайды). Қазақ тілінде білім алатын көптеген студенттер үшін бұл ғылыми жұмыстарды дайындау барысында қиындықтар туғызады.
Осыған байланысты, әдістемелік нұсқауларды қазақ тіліне аудару немесе жеке қазақша құжат әзірлеу мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын.
Жауабы
03-04-2025
Сәлеметсіз бе! Біз жазған CDO Moodle https://md.ksu.edu.kz/ сілтемесіндегі, әдістемелік нұсқаулық, яғни ӘН 229-2022 Курстық, дипломдық жұмыстарды және дипломдық жобаларды орындауға, рәсімдеуге қойылатын талаптар дұрыс жұмыс жасап тұр.
Осы құжатқа бассаңыз файл загрузка папкасында пайда болады.
Габдуллин Ельнур
01-04-2025
Здравствуйте, можете подсказать, какой пороговый балл для участия в конкурсе на грант по профессии биотехнология? Также, есть ли обучение на биотехнолога?
Жауабы
Здравствуйте, пороговый балл для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта и (или) зачисления на платное обучение составляет 50 баллов, При этом по Истории Казахстана и двум профильным предметам ЕНТ необходимо набрать не менее 5-ти баллов, а по предметам Грамотности чтения и Математической грамотности не менее 3-х баллов.
Серікбай Бағжан
30-03-2025
Мен физика математика таңдадым 2025жылы математика педагогикаға түсу үшін ең кемі қанша балл керек
Жауабы
31-03-2025
Сәлеметсіз бе! Грант конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін ҰБТ-ның нәтижесіне сәйкес "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл. Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.
Өтініштер:
Осыған байланысты, әдістемелік нұсқауларды қазақ тіліне аудару немесе жеке қазақша құжат әзірлеу мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын.