А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Өтініштер:
Жақсытай Әйгерім
02-07-2024
Сәлеметсіз бе? Менің ГранҰБТ-дан жинаған баллым 63. Таңдау пәндерім био-гео. Осы бойынша қандай университеттерге, қандай мамандықтарға, қандай квоталар немесе қандай мүмкіндіктер арқылы грантқа түсе аламын? Көп балалы отбасынанмын, ауылдық мектепте білім алдым.
Жауабы
04-07-2024
Сәлеметсіз бе! Психология және Қоршаған орта мамандықтарының шекті балдары - 50. Сол мамандықтарға түсуіңізге болады. 2023-2024 оқу жылы Психология мамандығына 97 балмен, Қоршаған орта мамандығына 73 балмен грантқа түскен. Биыл Қоршаған орта мамандығын ауылшаруашылық квотасы бойынша біздің университетке 20 грант бөлінген. Сондықтан, осы мамандыққа грантқа түсуіңіз әбден мүмкін. Қосымша сұрақтарыңыз болса, +77078157822 нөмірі бойынша хабарласыңыз.
Жагыпарова Жанель Жомартовна
02-07-2024
Педквота туралы білу
Жауабы
04-07-2024
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық квота гранттары педагогикалық мамандықтары бар университеттерге бөлінеді. Қосымша сұрақтарыңыз болса, +77751434142 нөмірі бойынша хабарласыңыз.
Ерланқызы Ақнұр
02-07-2024
№1 Пед квота берілу үшін қандай талаптар қажет етеді? №2 80 баллмен биология пәнінің мұғалімі бола аламын ба? №3 пед квотаны қалай көрсетуге болады?
Жауабы
04-07-2024
Сәлеметсіз бе! 1. Педагогикалық мамандықтарға түсу керек.
2. 2023-2024 оқу жылы Биология пәні мұғалімдерін даярлау мамандығына 78 балмен біздің университетке грантқа түскен.
3. Педагогикалық квота грант конкурсына өтініш беріп жатқан кезде автоматты түрде белгіленеді.
Педагогикалық мамандықтарға грантқа түсу үшін 12.07.2024 жылға дейін Арнайы емтихан тапсыру міндетті. Оны біздің сайт арқылы тапсыра аласыз.
Аноним
02-07-2024
Здравствуйте. Заявление на перевод обязательно надо написать самому? Нельзя чтобы другой человек написал от моего имени? Просто я из другого города вообще. Можно ли бы написать заявление хотя бы онлайн?
Жауабы
04-07-2024
Здравствуйте, оригинал заявления с синей печатью и подписью ректора нашего университета и декана вашего факультета вы должны передать в тот вуз, в который переводитесь. Поэтому, скан заявления не решит это. Нужен оригинал заявления.
Муминова Балнұр
01-07-2024
Мен пед квотамен қай университеттерге түсе алатынымды білгім келеді 109 балл жинадым Букетов қа түсе аламынба пед квотамен
Жауабы
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық квота гранттары педагогикалық мамандықтары бар университеттерге бөлінеді. Букетов университетіне түсу үшін сол университетпен хабарласқаныңыз жөн. Егер біздің университетті қарастырсаңыз, +77751434142 нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады. Біздің университетке педагогикалық квоталар бөлінген.
Арина
01-07-2024
Здравствуйте. Дадут ли в этом году новое общежитие?
Жауабы
01-07-2024
Добрый день! Да , на новый учебный год планируется сдача нового общежития, подробную информацию вы можете получить с 19 августа 2024 года в пункте подачи заявлений для заселения в Дома студентов университета (ул.Тауелсиздик, 118)
Нуржамал Нысанбаева
01-07-2024
Бірінші сұрағым:Алматы қаласындағы Абай университетімен Қыздар пед университетінде пед квота 2024-2025 оқу жылына бар ма? Екінші сұрағым: Бір мамандықты 4 рет жаза аламызба? 1)жалпы грантпен қалған үшеуіне пед квотамен.
Жауабы
01-07-2024
Сәлеметсіз бе! 1. Ол ақпаратты сол университеттерден сұрауыңыз қажет. 2. Болады. Бірақ Астана мен Алматы қаласын тек 1 рет қана белгілеуге болады.
Мұсабайқызы Мөлдір
30-06-2024
Педогогикалық квотаға степендия берілеме?
Жауабы
01-07-2024
Сәлеметсіз бе! Педагогикалық квота Жалпы конкурстың ішінде орнатылған. Педагогикалық мамандықтары бар университетте Педагогикалық квота бар.
Акмарал
30-06-2024
Салеметсыз бе! Мен сурдопедагог ( специальная педагогикага) тускым келп жатр. Брак баллым оте аз 57 баллмен как то можно претендовать? Коп балалы и семьяда инвалид адам бар ещё мать одиночка.
Жауабы
01-07-2024
Сәлеметсіз бе! Тамыз айының ҰБТ-сын тапсырып, 75 балл алу керек. "Қазақстан халқына" фондының грантын иеленуге болады. Тамыздың 10-ынан кейін ойнатылады ол гранттар.
Құралай
29-06-2024
Сәлеметсіз бе! Колледжден кейін Іт мамандығының жоғарғы оқу орнына қанша балмен грантқа түсе алады
Жауабы
01-07-2024
Сәлеметсіз бе! Колледжден кейін грантқа түсу үшін 2 пән бойынша ҰБТ тапсыру керек. 13-20 шілде аралығында грант конкурсына өтініш бересіз. Шекті балл - 25.
Өтініштер:
№2 80 баллмен биология пәнінің мұғалімі бола аламын ба?
№3 пед квотаны қалай көрсетуге болады?
1. Педагогикалық мамандықтарға түсу керек.
2. 2023-2024 оқу жылы Биология пәні мұғалімдерін даярлау мамандығына 78 балмен біздің университетке грантқа түскен.
3. Педагогикалық квота грант конкурсына өтініш беріп жатқан кезде автоматты түрде белгіленеді.
Педагогикалық мамандықтарға грантқа түсу үшін 12.07.2024 жылға дейін Арнайы емтихан тапсыру міндетті. Оны біздің сайт арқылы тапсыра аласыз.
Екінші сұрағым: Бір мамандықты 4 рет жаза аламызба? 1)жалпы грантпен қалған үшеуіне пед квотамен.