А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің ғылыми кітапханасының оқу залында жаратылыстану пәндері кафедрасымен бірлескен іс-шара өтті. «Ғалым студентке» жобасы аясында биология ғылымдарының докторы, профессор Брагина Татьяна Михайлова студенттермен кездесті. Іс-шара барысында ELSEVIER компаниясының "Scopus Awards Kazakhstan 2022" халықаралық деңгейдегі марапаты табысталды.
Татьяна Михайловна Брагина ғылымға қосқан зор үлесі үшін аталмыш құрметке ие болды. Ғалым жабайы табиғаттың игілігі үшін көп нәрсе жасады – жиырма жылдан астам уақыт бойы ол Қазақстандағы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) ұлттық үйлестірушісі болды. 2003 жылы Орталық Азия елдерінде (Эконет) экологиялық желіні құру жөніндегі ең күрделі жобаны басқарды. БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясын әзірлеуге қатысты, оның жобасы бойынша облыстың маңызды сулы-батпақты жерлері сипатталды. Сонымен қатар профессор "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватын құруға бастамашы болды және оның жаратылыстану-ғылыми сипаттамасын дайындау бойынша кешенді далалық экспедицияны басқарды. Татьяна Михайловна-омыртқасыздар зоологиясы, топырақ биологиясы, қолданбалы биология бойынша бірқатар оқу құралдарының авторы. Scopus ірі ғылыми баспасы ELSEVIER ақпараттық компаниясының дерекқорында жарияланымдары бар. Жалпы ғалымның есебінде 19 жеке және ұжымдық монография, 15-тен астам оқу құралы, 400-ден астам жарияланым бар. Түрлі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстарға, гранттар мен сыйлықтарға қатысты.
Ғылыми кітапханада профессордың құрметіне «ҒАЛЫМ. БИОЛОГ. ПЕДАГОГ.» кітап көрмесі ұйымдастырылды.