Skip to content

ҚӨУ студенті алтын жүлдегер атанды

А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институтының «Электр энергетикасы» ББ-ның 4-курс студенті Нұрсұлтан Бектасов Нұр-Сұлтан қаласында өткен Нағыз шынайы айқас бойынша Қазақстан Республикасының Бірінші Чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. Жарысқа еліміздің 9 аймағынан 350 спортшы қатысты. Нұрсұлтан 80 келі салмақта үздік атанды.

Нағыз шынайы айқас – жекпе-жек өнерінің жаңа түрі. Әскери қоян-қолтық ұрысқа ұқсастығы бар.

Қостанай облысында Нағыз шынайы айқас федерациясы 2020 жылдың желтоқсан айында тіркелді.

Нұрсұлтан Бектасов 7 жасынан спортпен шұғылданады. Мектепте оқып жүргенде еркін күреске барған. Кейін грэпплингпен айналысқан. 2020 жылы осы спорт түрінен Нұрсұлтан облыс біріншілігінде 2-орынға ие болды. Сонымен қатар ол Нағыз шынайы айқас спорт түрі бойынша спорт шеберіне үміткер.  

Нұрсұлтанды жеңісімен құттықтаймыз! Алға қойған мақсаттарыңа жете бер, жеңісті күндерің көп болсын!

Ұсыныстар мен тілектерді қалдыру