object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-19 14:01:30.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

ҚӨУ-нің халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерімен кездесу

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт қабырғасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының спортта халықаралық дәрежедегі жетістіктері бар студенттермен кездесу өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – өз Отанына деген патриоттық сезімді, азаматтық парызды, жауапкершілікті қалыптастыру. Сондай-ақ студенттерді әлемдік спорт аренасында танылған чемпиондармен таныстыру.

Кездесуге бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Токио-2020 Олимпиада ойындарының қатысушысы Надежда Рябец; гір көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Яна Литвинова; сондай-ақ әлем чемпионатының күміс жүлдегері, гір көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Кирилл Мартынчик шақырылды. Үшеуі де 4 курс студенттері. Олар кездесу барысында өз жетістіктерімен, халықаралық жарыстардағы естеліктерімен бөлісті, студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Спортшыларға спорттағы белсенділіктері үші институт атынан алғыс хаттар табысталды. ҚӨУ-нің жас спортшылары өздері білім алып жатқан оқу орнының ғана емес, барлық Қазақстанның беделін көтеріп жүр.

Спортшыларымыздың жеңістері көп болсын, еліміздің көк туын әлемнің түпкір-түпкірінде желбірете берсін!

Кездесу Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Дидар Жұмекенованың және «Туризм» мамандығының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен өтті.

 

Қабылдау комиссиясы