Ректораттың кезекті отырысында Ғылыми-техникалық зерттеулер институтының жұмысы қаралып, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен кафедраларының 2020-2021 оқу жылындағы рейтингінің қорытындысы шығарылды.
Іргелі зерттеулер институты 2020 жылы құрылып, оған 2021 жылы Ғылым мен инновация орталығы қосылды. Оның негізгі міндеті - отандық және халықаралық интеграция негізінде профессорлық -оқытушылық құрамның, мамандандырылған зертханалардың іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау. Институт Қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институты, Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті, сондай-ақ Smart-орталығымен бірге өзінің зертханалық кешендерінің негізінде университеттің кең ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыратынын атап өткен жөн.
Рейтинг нәтижелеріне келетін болсақ, олар ағымдағы жылдың 12 қазанында өткен университеттің рейтингтік комиссиясының қорытынды отырысы негізінде жарияланды. Рейтингке барлығы 452 оқытушы қатысты. Өздеріңіз білетіндей, оқытушылар рейтингі қызметтің төрт бағыты бойынша жүргізілді: оқу -әдістемелік жұмыс, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық, тәрбие жұмысы, ұйымдастыру жұмыстары.
Рейтинг нәтижесі бойынша 1-орында 15 050 ұпаймен өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасының оқытушысы Анзор Саидов.
2-ші және 3-ші орында биология және химия кафедрасының оқытушылары Татьяна Брагина мен Гүлнар Сұлтанғазина.
Кафедралар арасындағы рейтингке келетін болсақ, үздік 3-ке Тіл және әдебиет теориясы (4914 балл), Психология (3493 балл) және Қазақстан тарихы (3490 балл) кафедралары енген.