object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 10:47:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік шара

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

Іс-шараны университет ректоры Алма Дощанова құттықтау сөзбен ашып, еліміздегі ғылым-білімнің дамуына үлес қосып жүрген әріптестерімізге мақтау қағаздарын, төсбелгілер мен алғыс хаттар табыстады.

Университеттің бес оқытушысына ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты табысталды.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен Нұргүл Жамангузова және Сылу Шунаева марапатталды. Сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне және Алаш ұстанымдары мен ұлттық құндылықтарды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін оқу ордамыздың профессорлары Серікбай Оспанов, Алмасбек Әбсадық, Рауан Байдалы арнайы медальға ие болды. Сонымен қатар универсиетіміздің көптеген оқытушылары ҚӨУ ректорының және «Қазақстан білім беру қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» Құрмет грамотасымен марапатталды.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде 30 жыл бойы үзіліссіз еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерлер де назардан тыс қалмады. Оларға мүсіншелер табысталды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара Студенттік мәдениет үйінің дайындаған концертімен жалғасты. Концертте студенттер патриоттық әндер мен қазақи сарындағы билерді көрермендерге нақышына келтіріп орындады.

Құрметті әріптестер, студенттер, Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Қабылдау комиссиясы