object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 13:38:41.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні

12 қазанын күні Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы Zoom платформасында Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шараның мақсаты жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру, мамандық таңдауға көмектесу.

Онлайн-кездесу барысында болашақ талапкерлерге «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының мақсаттары, міндеттері, мазмұны туралы ақпарат берілді. Кафедра түлектері Думан Казез бен Яна Лантух өздерінің мамандықтары, болашағы, сондай-ақ осы оқу орнын неліктен таңдағандығы туралы айтып берді. Кездесу соңында кафедра оқытушысы Анастасия Агеева онлайн іс-шара барысында чатқа келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Ашық есік күніне қатысқан мектеп оқушыларына алғысымызды білдіреміз және сіздерді біздің университеттің студенті ретінде көргіміз келеді!

Қабылдау комиссиясы