Бүгін «Журналистикаға кіріспе» пәнінің аясында «Журналистика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері облыстық «Костанайские новости» газетінің редакциясына экскурсияға барды. Редакция – журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының бұрыннан бергі серіктесі, болашақ журналистер үшін тәжірибе базасы. Сонымен қатар, газеттің бас редакторы Олег Гурский – кафедраның түлегі. Ол өзінің студенттік шағы, кәсіби қалыптасуы жайлы айтып берді.
Студенттер журналистердің жұмыс барысымен танысты. Бас редактор өңірдегі ең көне газеттің құрылу тарихын айтып берді. Сондай-ақ Олег Гурский болашақ журналистерге бірнеше кеңес берді, олардың сұрақтарына жауап берді және редакция жұмысының принциптерімен бөлісті.
«Тәжірибеге негізделген сабақтардың артықшылықтарын теориялық дәрістермен салыстыруға болмайды, сондықтан мен тәжірибелі журналистермен кездесулердің жиі болып тұрғанын қалаймын, - дейді 1 курс студенті Алина Альмишева. Бірінші курс студенттері тәжірибелі журналистен маңызды кеңес алды: «Бір орында тұрып қалмаңыздар, қаламыңыздың ұшталуы үшін көп жаттығу керек».
Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы сабақтардың тәжірибелік бағыттылығына үлкен көңіл бөлетінін атап өткім келеді. Бүгінгі күні тәжірибелік базалармен, облыстың жетекші бұқаралық ақпарат құралдарымен 22 келісім жасалған.