Қаншама қызық болды. Бәріне бір жарым сағатта үлгеру деген …
йна әшекейлеу, өз қолыңмен салпыншақ жасау, кәріс тәттілерінен дәм тату, сосын әрине, ханбок киіп көру. Естелікке суретке түсуді де ұмытпау керек!
9 қазанда Оңтүстік Кореяда аталып өтетін кәріс әліпбиінің мерекесі – Хангыль күнін Қостанайда осылай тойладық.
«Естен кетпес тәжірибе болды. Кәрістердің кадури (카두리) деген тәттісінен алғаш рет дәм таттым. Кішкене бауырсаққа ұқсайды, бірақ тым тәтті. Кейін салпыншақ та жасап көрдім.
Бәрі қызық, керемет өтті. Анаған-мынаған қатысқың келеді, әттең уақыт аз болды», – дейді Sejong Hakdang тыңдаушысы Адалят Исмаилова.
Мерекелік бағдарлама басталып-та кеткен. Қазанның 5-і мен 8-і аралығында ҚӨУ Король Седжон институтында кәріс тілін үйреніп жүрген тыңдаушылар арасында WORD SEARCH байқауы өтті.
Оқытушылар алдын-ала кәрісше сөздерді жасырған. Сол сөздерді алғаш тауып, хабарлаған байқампаздар жеңіске жетіп, 10 000 теңгелік сертификаттарға ие болды.
Baitursynuly University-де кәріс тілін үйреніп, сол елдің мәдениетімен танысып, түрлі қызықты шараларға қатысуға болады. Оның үстіне, бәрі теп-тегін!
Қапы қалсаңыз – еш уайымдамаңыз. Алда әлі дорама әлеміне бір сәтке болса да бойлататын талай шара өтеді!
Бастысы – @baitursynuly_university мен @king_sejong_institute_kostanay парақшаларына жазылып, жаңалықтардан хабардар болыңыздар
























