Skip to content

БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың концептуалдық идеялары мен жаһандық бастамаларын жан-жақты насихаттайтын, Қазақстан жастарының патриоттық сезімін арттыруға және әлеуметтік-азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік мәні бар жобаларды жүзеге асыруда.

Соның негізінде, «БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» атты екікүндік семинар-тренингтер циклы ұйымдастырылып,  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінен  2021 жылдың 15-16 қыркүйек аралығында 4 институттан оқу озаттары, белсенді және дарынды 70 студент қатысқалы отыр.

Студенттерімізге сәттілік тілейміз!